You are here

Әлеуметтік төлемдерді тағаййындау үшін қайда жүгіну қажет?

Әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша жеке басты куәландыратын құжатпен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы Қағидаларға 1-5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішпен жүгінеді:

1) Мемлекеттік корпорацияға – әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (жүгінген сәтте жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған кезде);

асыраушысынан айырылған жағдайда

жұмысынан айырылған жағдайда (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда;

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда

2) МӘС бөлімшесіне – еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш белгіленген кезде еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау үшін;

3) жұмыспен қамту орталығына – жұмыссыз ретінде тіркелген кезде жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін;

4) портал арқылы – әлеуметтік төлем тағайындау үшін:

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Еңбек кодексі) 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айырылған жағдайда (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде);

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда.

8 ақпан, 2019 - 11:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші