check

You are here

жұмысынан айырылғанда төленетін әлеуметтік төлем

 2018 жыл 12 желтоқсандағы кезекті Мемлекеттік Әлеуметтік Сараптама қорытындысымен маған III топ мүгедегі,жалпы еңбек ету қабылетінен ауырылуы 55 пайыз болып белгіледі.Балқаш аудандық Халықты Жұмыспен Қамту орталығына Egov.kz арқылы және өзім барып жазбаша жұмыссыздар санатына тіркеу жайлы жазған өтінішіме "қарсылық" жауап алдым.Менің сұрағым; мені неге жұмыссыз санатына тіркемейді,сол арқылы жұмысынан айырылғанда төленетін әлеуметтік төлемді мен неге ала алмаймын? 

 

Жауап: 

Құрметті Мейрам Қуандықұлы!
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің «жұмыссыз» ретінде тіркелу және әлеуметтік төлемдер алуға қатысты өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабына сәйкес 2019 жылғы 21 қаңтарда Сіз «жұмыссыз» ретінде тіркеудесіз.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер дегеніміз бұл өздеріне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер болып табылады.
Алайда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган Сізді белгiленген тәртiппен «жұмыссыз» деп танығанмен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болмағандықтан Сізге әлеуметтік төлемдер тағайындаудан бас тартқан.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сіз Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алушылардың қатарына жатпайсыз.
Бұл ретте, Сіз заңнамаларда көрсетілген тәртіпте «жұмыссыз» ретінде жергілікті жұмыспен қамту органдары арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға құқығыңыз бар.
Осы жауаппен келіспеген жағдайда заңнамада көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екендігіңізді ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 358045
7 ақпан, 2019 - 17:37 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші