You are here

2018 жылғы 19-20 қараша аралығында Париж қаласында (Франция) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е.Әбілқасымова ЭЫДҰ Еуразия Аптасына қатысты

ЭЫДҰ Еуразия

2018 жылғы 19-20 қараша аралығында Париж қаласында (Франция) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е.Әбілқасымова ЭЫДҰ Еуразия Аптасына қатысты. Іс-шара барысында 19 қарашада Министр М. Е. Әбілқасымова "Болашақты айқындайтын фактор ретіндегі гендерлік саясат" тақырыптық сессиясында және 20 қарашада "Кәсіби стандарттарды енгізу арқылы кадрлардың біліктілігін арттыру" мониторингі бойынша ЭЫДҰ Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі дөңгелек үстелінде баяндама жасады.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында ЭЫДҰ жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қатынастар жөніндегі директоратының директоры Стефано Скарпеттамен және ЭЫДҰ Білім және дағдылар жөніндегі директорат директорының орынбасары Монтсеррат Гомендиомен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша өзекті мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында "Қазақстан дағдыларының тиімді ұлттық стратегиясын қалыптастыру" жобасын қол қоюға дайындық жұмыс жүргізілуде. Осы жобаның басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесу мақсатында ұлттық дағдылардың тиімді стратегиясын әзірлеуде техникалық көмек көрсете отырып, Қазақстандағы дағдылар жүйесін стратегиялық бағалауды қамтамасыз ету.

5 желтоқсан, 2018 - 15:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші