You are here

Филиалды немесе өкілдікті тіркеу қажеттілігі туралы сұрақ

Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс берушіге филиалды немесе өкілдікті шетелдік жұмысшыларға рұқсат құжаттары рәсімделетін әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркеу қажеттігі туралы талаптары заңды ма?

Жауап:

Шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге рұқсат беру және (немесе) ұзарту ережелері мен шарттардың 10-тармағына, сондай-ақ әрекет ету тәртібімен бекітілген ішкі корпоративтік трансфертке Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 рұқсат алу үшiн жұмыс берушi не олардың өкілі "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.

Осылайша, рұқсат алу үшiн жұмыс берушi не олардың өкілі "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды ұсынады.

Сонымен қатар, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші орган) жүзеге асырады.

20 желтоқсан, 2018 - 10:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші