You are here

ШЖК тарту

Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының жұмыс берушілеріне оқытушы және басшы лауазымы ретінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде рұқсат алу қажет пе?

Жауап:

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту туралы мәселені қарап, келесіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №802 қаулысына 2-қосымшаның 14) және 15) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық интеграцияланған білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметтi жүзеге асыратындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы, сондай-ақ жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшылар және жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс істейтіндер және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шет ел ел жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына тиесілі жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу талап етілмейді.

20 желтоқсан, 2018 - 10:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші