You are here

Шетелдік азаматты еңбек шартымен қашықтан жұмысқа қабылдау.

50% шетелдік қатысуы бар ЖШС - БАӘ-де тұрақты тұрып жатқан Франция азаматын-жұмыс рұқсатын рәсімдемей БАӘ-нен қашықтан жұмыс істейтін шетелдік қызметкерді ЖШС директоры лауазымына алуға құқылы ма? Осы сурағыма жауап берулеріңізді сұраймын.

Жауап:

Шетелдік қызметкердің қашықтан жұмыс істеу мәселесін қарастырып, келесіні хабарлаймыз.

ҚР Еңбек кодексінің 26-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын не халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін берілген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы алғанға дейін не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.

Еңбек кодексінің 138-бабының 1-тармағына сәйкес қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Кодекстің 8-бабының 2-тармағында Кодекстің күші, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жұмыскерлерге және жұмыс берушілерге, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады деп анықталған.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты шетелдік жұмысшы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қашықтан еңбек қызметін жүзеге асырған кезде жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу қажет емес.

20 желтоқсан, 2018 - 10:14 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші