You are here

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»

Қазақстан Республикасы Заңы жобасының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

  1. Заң жобасының атауы

 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы).

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Заң жобасы Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

Халықаралық практикаға сәйкес келетін әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа стандарттарына өту Қазақстан Республикасында 2005 жылғы                               1 қаңтардан бастап әлеуметтік қатерлер туған жағдайда жүйеге қатысушылар үшін әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуді қажет етті.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық ресурстары жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және жеке кәсіппен айналысатындардың әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) мынадай:

- еңбек ету қабілетінен айырылған;

- асыраушысынан айырылған;

- жұмысынан айырылған;

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған;

- бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемдер төленеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қызмет атқарған 13 жыл ішінде жүйеге қатысушылар саны 2005 жылғы 4 млн. адамнан 2017 жылы           6 млн. адамға  артуы, сол сияқты МӘСҚ әлеуметтік төлем алушылар саны да           2 мың адамнан 773 мың адамға өскені байқалады. Әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005-2017 жылдар аралығында – 905 млрд. теңгені құрады. 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру нақты адамға, сол сияқты тұтастай экономикаға өзінің басты рөлін дәлелдеді.

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу барысында сол кезеңдегі шарттарды ескергендегі жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың консервативтік параметрлері белгіленген болатын.

Бүгінгі таңда халықаралық стандарттарды, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ұзақ мерзімді негіздегі қаржылық тұрақтылығын, ағымдағы әлеуметтік-экономикалық даму шарттарын ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін жетілдірудің алғы шарттары орын алды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ана мен баланы сақтандыру енгізілген сәттен бастап МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдердің  аса көп үлесі (90% жуық) ана мен баланы қолдауға тиесілі. Мұндай жағдай еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған және жұмысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемдерді есептеу параметрлерінің жетілдірілмегендігінен туындаған. Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған және жұмысынан айырылған жағдайларға төленетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері алушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді.

2017 жылы әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері: еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша – 13 712 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 12 897 теңге, жұмысынан айырылу бойынша – 18 305 теңге. Бұл ретте, орта мөлшерден аз мөлшерде әлеуметтік төлем алатындардың үлесі: еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша – 62%, асыраушысынан айырылу бойынша – 66%, жұмысынан айырылу бойынша – 63% құрайды.

Көрсетілген алушылар үшін әлеуметтік қатер ана мен балаға байланысты жоспарланған төлемдерге қарағанда кездейсоқ болып табылатынын атап өткен жөн.

Осындай төлемдерге жүргізілген талдау шешім қабылдауды талап ететін мынадай мәселелерді анықтады:

1. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту

Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған және жұмысынан айырылған жағдайларға төленетін әлеуметтік төлемдерді есептегенде, МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленген айлар санына байланысты 0,1 ден 1,0 дейінгі қатысу өтілінің коэффициенті қолданылады (6 айдан кем болған жағдайда – 0,1; 6 айдан 12 айға – 0,7; 12 айдан 24 айға дейін – 0,75; 24 айдан 36 айға дейін – 0,85; 36 айдан 48 айға дейін – 0,9; 48 айдан 60 айға дейін – 0,95; 60 айдан және одан көп айға – 1,0.).

Әлеуметтік аударымдардың түсуіне жасалған талдау 60 ай және одан көп әлеуметтік аударымдар төленген қатысушылардың үлесі 54% құрайтынын көрсетті.

Жүйенің жұмыс істеген бастапқы кезеңіндегі қатысу өтілі коэффициентінің осылайша қолданылуы қатысушылардың көп жұмыс істеуіне және еңбек өтілін жинауға ынталандырды. Алайда, бүгінде белгіленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне «кім көп жұмыс істесе, сол көп алады» деген қағидат жүзеге аспай отыр. 

Осыған байланысты қатысу өтілінің қолданыстағы градациясын сақтап қалу ұсынылады. Бұл ретте, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 60 айдан асатын  қатысушлар үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері  әр бір  12 ай үшін осы қатысу өтілін 2%-ға арттыру ұсынылады.

Жаңа тәсіл алушылардың материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай еңбекке ынталандыруды күшейтетіндіктен және азаматтардың еңбек қатынастарын заңдастыратындықтан әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына сәйкес келеді.

  1. Орташа айлық табыстан  ең төмен жалақыдан (бұдан әрі - ЕТЖ)

 80% шегеру:

Бүгінде еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем есептегенде орташа айлық табыс мөлшерінен  ЕТЖ 80 % шегеріледі.

Мұндай шегерілу асыраушысынан айырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен олардың отбасын әлеуметтік қорғаудың базалық деңгейінің болуымен түсіндіріледі.

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасы бойынша 2019 жылғы 1-қаңтардан бастап ЕТЖ 1,5 есе өседі.

Көрсетілген төлемдерді алушылардың құрамында алушылардың 45 % жуығының орташа айлық табысы 2 ЕТЖ дейін екенін атап өткен жөн.

Орташа айлық табыстың мөлшерінің төмендеуін болдырмау мақсатында ЕТЖ-дан алынатын 0,8-ді 0,55-ке төмендету ұсынылады, бұл еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларға төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

3. Еңбек ету қабілетінен айырылудың жеке дәрежесін қолдану

Еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне байланысты 0,3 тен 0,7 дейін орташаландырылған еңбек ету қабілетінен айырылу коэффиценті қолданылады (еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 30 %-дан 60 % дейін болса, онда – 0,3; 60 %-дан 80 % дейін болса, онда – 0,5; 80 %-дан 100 % дейін болса, онда – 0,7).

Осылайша, әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептегенде нақты алушының еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне байланысты жеке тәсіл қарастырылмаған. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 59 % деп белгіленсе 0,3 коэффициенті қолданылады, ал 61 % болғанда, онда – 0,5, демек әлеуметтік әділеттілік бұзылады.

Сондықтан, еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемді айқындаған кезде медициналық-әлеуметтік сараптаманың құрылымдық бөлімшелері белгілеген тиісті жалпы еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесінің коэффициентін  қолдану ұсынылады (30 %-дан 100 % дейін).   

4. Асырауындағылар саны коэффициентiнің өзгеруі 

МӘСҚ-дан асыраушысынан айырылған жағдайға төленетін әлеуметтік төлемді есептеу кезінде асырауындағы адамдар санының келесі коэффициенттері қолданылады: асырауында бiр адам болса – 0,4, асырауында екi адам болса – 0,5, асырауында үш адам болса – 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса – 0,8.

Алушылар құрамының 80%-нан астамына төлем асырауында бір-екі адамдары бар алушыларға тағайындалды (54,9% асырауында бір адамы бар, 28,5% асырауында екі адамы бар).

Асыраушысынан айырылған отбасыларға әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру мақсатында қолданыстағы асырауындағы адамдар саны коэффициенттерін 0,2 тармаққа арттыру ұсынылады: асырауында бiр адам болса – 0,6, асырауында екi адам болса – 0,7, асырауында үш адам болса – 0,8, асырауында төрт және одан да көп адам болса – 1,0.

5.  Жұмысынан айрылған жағдайға әлеуметтік төлемдер үшін  табыстың орнын ауыстыру коэффициентін өзгерту  

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 102-Конвенциясы бойынша әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары ұсынылған болатын, оларға сәйкес жұмыссыздық бойынша табыстың орнын алмастыру деңгейі сақтандырылған табыстың 0,45 құрайды.  

 Осыған байланысты, табыстың орнын алмастыру коэффициентін ХЕҰ ұсыныстарымен сәйкестендіру, яғни жұмысынан айырылуы бойынша табыстың орнын ауыстыру коэффициентi 0,3-тен 0,4-ке көтеру ұсынылып отыр.   

6. Жұмысынан айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыру

МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 4 айға дейін (1 айға – егер әлеуметтік аударымдар 6 айдан 12 айға дейін төленсе; 2 айға - егер әлеуметтік аударымдар 12 айдан 24 айға дейін төленсе; 3 айға - егер әлеуметтік аударымдар 24 айдан 36 айға дейін төленсе; 4 айға - егер әлеуметтік аударымдар 36 ай және одан көп айға дейін төленсе);

- кәсіпорынның таратылуы, штат санының қысқаруы немесе өндіріс көлемінің азаюы себебінен жұмыссыз қалған, 36 ай және одан да көп қатысу өтілі болған жүйенің қатысушыларына 6 айға тағайындалады.

Бұл ретте, жүйеге қатысушы жұмыс берушінің бұйрығынан үзінді көшірме беру жолымен көрсетілген негіздер бойынша жұмысынан айырылу фактісін растауы қажет. Мемлекеттік қызмет көрсетуді проактивті форматқа көшіруді ескере отырып, өтініш берушінің жүгінуінсіз жұмыссыз мәртебесін беру кезінде жұмысынан айырылуы бойынша автоматты түрде әлеуметтік төлем тағайындау кезінде жұмысынан айырылу себебіне байланыссыз әлеуметтік төлем тағайындау ұсынылады.

Бұл ретте, әлеуметтік  төлемдердің ұзақтығы 4 айдан 6 айға дейін арттырылады: 

- 1 айға – егер әлеуметтік аударымдар 6 айдан 12 айға дейін төленсе;

- 2 айға - егер әлеуметтік аударымдар 12 айдан 24 айға дейін төленсе;

- 3 айға - егер әлеуметтік аударымдар 24 айдан 36 айға дейін төленсе;

- 4 айға - егер әлеуметтік аударымдар 36 айдан 48 айға дейін төленсе;

- 5 айға - егер әлеуметтік аударымдар 48 айдан 60 айға дейін төленсе;

- 6 айға - егер әлеуметтік аударымдар 60 айдан және одан да көп айларға төленсе.

7. Әлеуметтік тәуекелдердің түрлері бойынша әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру, қайта жалғастыру және тоқтату бойынша заңнамалық нормаларды нақтылау қажеттігі 

Қолданыстағы Заңда алушылар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен және ақпараттық жүйелерден мәліметтер алынған  жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға ұқсас тоқтата тұру, қайта жалғастыру және тоқтату тетіктері көзделмеген.  

Мысалы, әртүрлі мемлекеттен екі төлем алуды болдырмау мақсатында бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға ұқсас алушы басқа жаққа тұрақты тұруға кеткен жағдайда әлеуметтік төлемдер тоқтатылуға тиіс. 

Әлеуметтік төлемдер тағайындаудың сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға ұқсас әлеуметтік қатер түрлері бойынша төлемдерді тоқтата тұру, жалғастыру, тағайындаудан бас тарту және тоқтату үшін негіздерді заңнамамен бекіту ұсынылады.

  1. Бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтімі жағдайына байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем сомаларының кепілдік берілетін деңгейін белгілеу

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем бала күтімін жүзеге асыратын, яғни бала күтіміне байланысты табысынан айырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады.

Осы төлем түрін алушыларға жүргізілген талдаудың нәтижесі төлем алушылардың жартысына жуығы төлем тағайындалған аралықта еңбек қызметін не кәсіпкерлікпен айналысуды жалғастыратынын көрсетіп отыр, яғни табысынан айырылу жағдайы орын алмайды.

Сонымен бірге, баланың жұмыс істемейтін ата-анасы республикалық бюджеттен бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы екенін атап өту керек.

Сондықтан, әлеуметтік төлем алушының жұмысқа шығуына байланысты төлем тағайындалған аралықта бір жасқа дейінгі бала күтімі жағдайына табысынан айырылуының болмауына байланысты төлемді тоқтату оның жұмыс істемейтін ата-анамен салыстырғанда құқығын шектейді.

Әлеуметтік төлем тағайындалған кезеңде алушының жұмысқа шығуына байланысты жұмыс істейтін азаматтардың құқығын шектеуді болдырмау мақсатында төлем мөлшерін мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне жеткізу ұсынылады:  

  • 1 – балаға 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
  • 2 – балаға 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
  • 3 – балаға 7,85 айлық есептік көрсеткіш;
  • 4 – және одан көп балаға 8,9 айлық есептік көрсеткіш.

Бұл ретте, алушыларға әлеуметтік төлемге қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 10% міндетті зейнетақы жарналары аударылатын болады. 

Осылайша, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлемнің ең төменгі деңгейіне кепілдік беріледі.

9. МӘСҚ қаржылық тұрақтылығының актуарлық есептеулеріне міндетті аудит жүргізудің болмауы

МӘСҚ құрылғаннан бері қаржылық тұрақтылықты бағалау бойынша актуарлық есептеулер жүргізіп келеді. Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының әлеуметтік қамсыздандырудағы актуарлық қызметтері жөніндегі нұсқаулығына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің актуарлық моделі мерзімді аудит жүргізілуге жатады. 

10. Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемдердің қалыптасқан алушыларының мүдделерін қорғау

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайларға төленетін әлеуметтік төлемдердің қалыптасқан алушыларына аталған әлеуметтік төлемдердің жаңа параметрлері бойынша заң жобасы енгізілер сәтке бір реттік қайта есептеу жүргізілетін болады.

11. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңы норрмаларының «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заң нормаларына қолданылмауы

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру заңнамаларымен реттелген қатынастарды нақтылау мақсатында сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына таратпау туралы норма енгізілді.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істеген 13 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарау қажеттілігі туындады. 

Жалпы, төмендегілерді көздейтін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдірудің мынадай бағыттарын:

  1. МӘСҚ-дан еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылған жағдайларға әлеуметтік төлемдер тағайындаудың параметрлерін қайта қарауды;
  2. бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемнің кепілдік берілетін деңгейін белгілеу;
  3. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық есептілігінің ашықтығы мен дұрыстығын және жүйенің қаржылық тұрақтылығының актуарлық моделіне болжамды қамтамасыз ету мақсатында әр бір үш жыл сайын тәуелсіз аудит жүргізуді атап өтуге болады.

Болжанып отырған түзетулер қолданыстағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының 40 бабының 50%-дан астамына қатысты болатындықтан (қосымша баптарды ескере отырып) оны жаңа редакцияда қабылдау талап етіледі.  

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы        9-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде оның жаңа редакциясы қабылданады.

3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты төмендегі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін нығайту болып табылады:  

- сақтандыру қағидаттары мен әлеуметтік әділеттілікті сақтауды ескере отырып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту;

- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен МӘСҚ-дан төленетін  әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту;

- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне халықтың қатысуын ынталандыруды қалыптастыру;

- МӘСҚ активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру. 

4. Заң жобасын реттеудің мәні

Заң жобасын реттеудің мәні әлеуметтік қатерлер жағдайының туындауына байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларын әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша түрін құруға байланысты қатынастар болып табылады.  

5. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны

Заң жобасы 5 тараудан тұрады:

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. Әлеуметтік аударымдар

3-тарау. Әлеуметтік төлемдер

4-арау. МӘСҚ жұмыс істеу тәртібі

5-тарау. Қорытынды ережелер

6. Тиісті саладағы заңнамалық актіге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері

Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша қолданыстағы Заңнан ақпараттық жүйе иесінің өзгеруіне, әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыруға және автоматтандыруға байланысты жүзеге асыруға жатпайтын нормалар анықталды.

Мысалы, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополияға жататын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) қызметі түрлерінің бірі ақпараттық жүйеден уәкілетті органға және МӘСҚ-ға ақпарат беру болып табылады. Бүгінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйенің меншік иесі болып табылады, сондықтан Мемлекеттік корпорациядан қандай да бір ақпарат алу қажеттілігі жоқ.

7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдаудың әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру жолымен жұмыс істейтін азаматтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру тұрғысынан да, халықтың заңды жұмыспен қамтылуын ынталандыру жағынан да жағымды әлеуметтік-экономикалық салдарлары болады.

 Заң жобасы сондай-ақ, МӘСҚ активтерін тиімді инвестициялық басқаруға және жүйенің қаржылық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Заң жобасын қабылдау құқықтық және әлеуметтік-экономикалық кері салдарлар тудырмайды. 

8. Әзірленетін заң жобасына басқа заңнамалық актілерді бір уақытта (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

Заң жобасын қабылдау басқа заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді:

  1. 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі;
  2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  3. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 Қазақстан Республикасының Заңы;
  4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы № 482-V Қазақстан Республикасының Заңы.

9. Заң жобасы мәнінің басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттелуі

Осы заң жобасының шеңберінде қаралатын қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқарушылық кодексімен   регламенттеледі. 

10. Қаралып отырған мәселе бойынша шет ел тәжірибесінің болуы   

Заң жобасын әзірлеу кезінде жекелеген мәселелер бойынша бірқатар шет елдердің тәжірибелері ескерілді.

Негізгі құжат «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы» (БҰҰ, 1948 ж.) болып табылады, оған сәйкес әр бір адам жұмыссыздық, мүгедектік, жесір қалу немес оның жағдайына байланыссыз өмір сүруге қажетті қаражаты жоғалған жағдайда қамсыздандырылуға құқылы. Бұдан басқа, ана мен балаға ерекше қамқорлық көрсетілуге құқық беріледі. Некеде немесе некесіз туылған барлық бала бірдей әлеуметтік қорғауды қолдана алады.

Сонымен қатар, Қазақстан 1993 жылдан бастап мүшесі болып табылатын, Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) нұсқаулықтары да ескерілді.

Атап айтқанда, ХЕҰ №102 Конвенциясы еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайына табысты алмастыру мөлшерлемесін 40 % мөлшерінде, жұмыссыздықты 45% мөлшерінде белгілеуді ұйғарады.

ХЕҰ Конвенциясына сәйкес жәрдемақылардың ұзақтығы жылына кемінде 13 апта. Жұмыссыз адамға жәрдемақы төлеудің ең жоғарғы уақыты әр елде әр түрлі, сол елдегі жағдайға, жұмыссыздық деңгейіне, әділеттілік туралы түсінікке және жәрдемақының пайдасына, асыра пайдаланудың таралуына және бөлінетін қаражатқа байланысты болады. Жәрдемақыларды төлеу кезеңі, әдетте, жәрдемақы алуға үміткер жұмыссызға қойылатын талаптарға байланысты болады.

Францияда мүгедектік алдыңғы кәсіптік қызметіне қатысты позицияда қаралады. Мүгедекке зейнетақы тағайындаудың міндетті шарты – сақтандырылған адам 60 жастан кіші болуға тиіс. Егер зардап шегушінің жасы одан жоғары болса, онда қамтамасыздандыру жасына байланысты зейнетақы түрінде беріледі.

Бұл ретте, зейнетақыны есептеу және төлеу үшін мүгедектік дәрежесі еңбек қызметіне қабілеті кемінде 10% шектеуді құрауы тиіс.  Егер ол одан кем болса, азамат бір реттік сақтандыру төлемін алуға құқылы.   

Асыраушысынан айырылған жағдайға зейнетақы артында қалған жұбайына тағайындалуы мүмкін, сирек жағдайда ата-анасына, балаларына. Негізгі мөлшері – қайтыс болған адамның алған, не алуы мүмкін зейнетақысының – 54%.  Егер қайтыс болған адамның асырауында үш не одан да көп бала болса, оларға 10 % мөлшерінде үстеме ақы тағайындалуы мүмкін.

Германияда мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушының сақтандыру жағдайы басталар алдында кемінде 5 жыл қатысу өтілі болуға тиіс, оның                    3 жылы – міндетті әлеуметтік аударымдар.

Асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның әлеуметтік аударымдар сомасына байланысты болады.

Норвегияда мүгедектігі бойынша жәрдемақы 18 жастан 66 жасқа дейінгі адамдарға сақтандыру жағдайының алдындағы 3 жыл әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қатысудың ең төмен өтілімен төленеді. Жәрдемақы мөлшері Ұлттық сақтандыру қауымдастығы айқындайтын мүгедектік тобына байланысты болады.

Осындай шарттар асыраушысынан айырылу жағдайына жәрдемақы аушыларға да қолданылады. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған жұбайы қайтыс болған адаммен кемінде 5 жыл уақыт заңды некеде тұруға қажет не асрауында бір баласы болуға тиіс. 18 жастан кіші жетімдер де жәрдемақы алуға құқылы.

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы әлеуметтік сақтандыру жүйесінде, сондай-ақ ынтымақты әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы бойынша  сақтандырылған жұмыскерлерге төленеді. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға жылдық табысы сақтандыру жағдайы басталар алдындағы мөлшері 1,5 есе базалық сомаға тең болатын адамға ғана төленеді.  

Чехияда мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және сақтандыру жағдайы туындаған сәтке әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

Сербияда әйелдер үшін бала туғаннан кейінгі демалыс 365 күнге беріледі. Демалыс күндерінің саны одан да артық болуы мүмкін, бірақ бір жылдан артық төленбейді.

Хорватияда әйелдер бала күтімі үшін 365 күн төленетін демалыс алуға құқылы.

Белоруссия Республикасында сақтандырылған азаматтарға Белорусь әлеуметтік қорынан сақтандыру төлемдері тағайындалады. Бұл ретте, әлеуметтік сақтандыру жүйесінде төлемдерді тағайындау қатысушының жұмыс өтіліне тікелей байланысты.

 Әлеуметтік қорғау қорынан мүгедектігі бойынша төлем мүгедектік себебіне байланыссыз, мүгедектік туындаған не зейнетақыға жүгінген күнге жұмыс өтілі болған жағдайда тағайындалады, мысалы  23 жасқа дейін – 1 жыл,  23-тен  26 жасқа дейін – 2 жыл, 26-дан 31 жасқа дейін – 3 жыл.

Асыраушысынан айырылуы бойынша төлем тағайындалған кезде де жұмыс өтілінің болуы міндетті. Егер асыраушының қайтыс болған күнге мүгедектігі бойынша төлем тағайындау үшін белгіленген жұмыс өтілі болса,  асыраушысынан айырылу жағдайына төлем тағайындалады. Төлем мөлшері отбасының әр бір еңбекке қабілетсіз мүшесіне асыраушының орташа айлық жалақысынан 40 % құрайды, бірақ жасы бойынша төлемнің ең төменгі мөлшерінің 100 % кем емес (орташа айлық табыстың 55 % тең болатын).

Жұмыс өтілі жоқ асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне мүгедектігі бойынша толық төлем тағайындау үшін асыраушының жұмыс өтіліне пропорционалды есептелген мөлшерде жұмыс төлем тағайындалады.

Ресей Федерациясында қайтыс болған азаматтың қамқорлығында болған барлық асырауындағыларға асырауышысынан айырылуы бойынша мемлекеттен зейнетақы тағайындалады. Аталған азаматтың еңбек өтілінің болу болмауына қарамастан. Егер оның бірде бір жұмыс күні болмаса, онда оның кәмелетке толмаған балаларына әлеуметтік зейнетақы есептелетін болады. Егер асыраушының нақты жұмыс мерзімі болса, онда мынадай санаттар бойынша берілуі тиіс сақтандыру зейнетақысы есептеледі: 18 жасқа дейінгі балаларға және оқытудың күндізгі бөлімінде оқитын студенттерге, сондай-ақ қайтыс болған адам асыраушысы болған және басқа табыс көзі жоқ аға-інілеріне, әпке-сіңлілеріне және немерелеріне 23 жасқа дейін. Қайтыс болған асыраушының 18 жасқа дейінгі балалары қамқорлығында қалған жұмыс істемеген жұбайына, атасы мен  әжесіне. Қайтыс болған асыраушы жалғыз туысқаны болған көмектесуге міндетті 60 жастан асқан ерлер мен 55 жастан асқан әйелдерге.

Жұмысы болған және оған жеке балдар есептелген асыраушыға сақтандыру зейнетақысы беріледі. Жұмыс өтілі көп болған сайын, асырауындағылар бойынша есетпелетін зейнетақының көлемі де көп болады.

Молдовада жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы орта есеппен 40% тең болатын соңғы айлардағы орташа табыстың 30%-дан 50%-ға дейін құрайды.

Ұлыбританияда мұндай жәрдемақы ең көп дегенде 6 айға төленеді.

11. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Заң жобасын іске асыруға байланысты бюджеттен қаржылық шығындар талап етілмейді.

Бағалау деректері бойынша, әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа параметрлерін енгізген кезде МӘСҚ-ның қаржылық тұрақтылығы 2048 жылға дейін сақталады.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon koncep_soss_kaz.doc132 KB
Microsoft Office document icon koncepciya_soss-rus.doc125.5 KB
Бөлімдер:
14 қараша, 2018 - 15:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
Статусын тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші