You are here

Ұақытша еңбекке жарамсыздық парағы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме! Қоятын сұрағым төменегіше. Мен 2014 жылы қыркүйек айында республикалық бюджеттен қаржыландыратын МКҚК бала бақшаға жұмысқа орналастым, 2015 жылы мамыр айында уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (больничный лист) өткіздім, алайда менің жұмыс орным Еңбек кодексінің 133-бапына сілтеме жасап мекеме өз қаражаты есебінен төлей алмайтындығын түсіндірді. Жоғарыда айтылған мән жайларды толықтыры түсіндіруіңізі өтінемін. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын есептеп төлеу Мемлекеттік мекеме мен Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорынның айырмашылығы барма?

Жауап: 

Құрметті Нұрдаулет Жандавлетұлы!

 

ҚР Еңбек кодекстің 133-бабына сәйкес жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.

Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парақтары негіз болып табылады.

Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Атап айтқанда, «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшері оның бір күндік орташа жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

Қызметкердің бір күндік орташа жалақысының мөлшері «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.

Қағиданың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі (Сіздің жағдайыңызда еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде).

Оқиға – Еңбек кодексіне сәйкес орташа жалақының сақталуымен немесе төленуімен, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін берілетін өтемақымен байланысты жағдайлар.

Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Сонымен бірге, Қаулыға сәйкес еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, бір айға төленетін жәрдемақының мөлшері тиісті жылғы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.

Осыған орай, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде орташа жалақыны есептеу үшін орташа сағаттық табыс қолданылатына есепке ала отырып, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеу жұмыс режимін (ауысымдық кесте бойынша) ескере отырып жұмыскердің жұмыс сағатына келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленеді, бұл ретте жәрдемақының мөлшері айына 15 АЕК-нен аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Сондықтан, егер жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзатын болса, онда жұмыскер еңбек құқығын қорғау үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орғанға шағымдану қажет.

Еңбек инспекциясы түскен арыз негізінде мекемеде тексеру жұмыстарын жүргізіп, бұзушылық анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдайтын болады.  

 

Сұрақтың нөмірі: 352856
19 қараша, 2018 - 10:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші