check

You are here

Халықты жұмыспен қамту орталығында қызметкерлерінің штат саны қысқарту

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №745 Жарлығы негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы жоғары тұрған орган тарапынан шешім қабылдануда. "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2018 жылы орталыққа қосымша штат бірлігі енгізіп, қызметкерлер санын ұлғайтылған. Бірақ орталықта мамандар тапшылығы байқалады, ауылдық аймақта халықтың жағдайын көтеру өте қиын,  орталыққа қосымша мамандар қажет. Орталық еңбек жөніндегі мекеме болып табылады, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды, халықты жұмыспен қамтуды, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды қамтамасыз етеді. Ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, аз қамтылған халыққа көмектесі,  насихаттау сол сияты басқа да орталық мамандары жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі таңда ҚР Президетінің Жарлығы бойынша түсінбеушіліктер туындауда, Халықты жұмыспен қамту орталығында қызметкерлерінің штат саны қысқартуға жатама?

Жауап: 

Құрметті Ақмарал Пернебековна!

 

ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Бұл жағдайда,  жұмыс беруші еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге және жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлеуге міндетті (Кодекстің 53-бабының 1-тармағы).

Бұл жағдайда, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға шектеулерді сақтау қажет, нақтырақ айтсақ көзделген негіз бойынша мына жағдайларда еңбек шартын бұзуға жол берілмейді: жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен (Кодекстің 54-бабының 2-тармағы).

Сонымен қатар, «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес соттар жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты еңбек шарты бұзылған адамдарды жұмысқа қайта алу туралы істерді қарай отырып, жұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту шын мәнінде жүргізілген-жүргізілмегенін, заңнамалық актілерде көзделген жұмыскерлерді босату тәртібінің сақталған-сақталмағанын, олардың орнына басқа адамдардың алынған-алынбағанын тексеруге міндетті делінген.

ҚР заңнамасына сәйкес халық жұмыспен қамту орталығының қазметкерлері қасқартылуға шектеу қойылған нормалар жоқтығын атап өтейміз.

 

Сұрақтың нөмірі: 352535
1 қараша, 2018 - 17:35 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші