check

You are here

Ішкі аудит қызметінің 2018 жылғы III тоқсандағы қорытындысы

        Iшкі аудит департаментінің 2018 жылдың III тоқсанында мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес келесі аудиторлық іс-шаралар өткізілді:

        Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бойынша Шығыс Қазақстан облысы департаменті»  мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі - ММ)

      Ағымдағы жылдың тамыз айында сәйкестік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде  974,4  мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, сондай-ақ келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: бюджеттік тапсырыс жоспарлау кезінде толық ақпаратты қамтамасыз ету жүзеге асырылмады, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету толығымен жүзеге асырылмады, қызметкерге қосымша төлемақы дұрыс есептемелген және т.б.

     Қайтаруға 908,7 мың теңге және қалпына келтірілуге 38,7 мың теңге сомалары толығымен қайтарылды және қалпына келтірілді.

     Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін ММ аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

      Бұзушылықтарды жібергені үшін қаржы және ұйымдық-техникалық  қамсыздандыру бөлімінің басшысына сөгіс жарияланған, заң қызметкеріне және  әлеуметтік блок бөлімінің басшысына ескерту жарияланған.

    

       Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын (бұдан әрі - Кәсіпорын)

      Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тиімділік аудиті жүргізілді, оның нәтижесінде  448,3 мың теңге сомасы қаржылық бұзушылықтар анықталды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын сақталмауы 6924,0 мың теңге сомасында, қорытындыларына ықпал етпеген және мемлекетке зиянын келтірмеген анықталды, сондай-ақ келесі процедуралық бұзушылықтар анықталды: негізгі құралды тиімсіз пайдалану, қаржылық есептілік бойынша толық ақпаратт жүзеге асырылмады және т.б.

     Қайтарылатын 448,3 мың теңге сомасы жатады, оның ішінде аудит кезінде 224,1 мың теңге сомасы  қайтарылды.

     Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін Кәсіпорынға аталған бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауаптылығын белгіленген тәртіпте қарау үшін хат жіберілді.

      Аудит обьектісінде бұзушылықтарды жою жұмысы  жалғасуда.

 

4 қазан, 2018 - 16:08 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші