You are here

Романовтар әулеті

Романовтар әулеті
Номинация: 
Үздік еңбек әулеті
Аймақ: 
Шығыс Қазақстан облысы
Отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны: 
6
Еңбек әулеті өкілдерінің жалпы еңбек өтілі: 
103
Байланыс мәліметтері: 
8-7232-75-31-28
Қысқаша сипаттама: 

Романовтар әулетінің жалпы еңбек өтілі - 103 жыл. Екі ұлы мен келіні ата-анасының жұмысын жалғастырып, өсімдік шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығын дамыту және өздерінің туған жерінде қызмет көрсетумен айналысады, ауылдық округтің дамуына үнемі қолдау көрсетіп келеді.

Әулет негізін қалаушы Анатолий Михайлович Романов 15.11.1947 жылы Украинада, Черкас облысы Умань қаласында туған, өзінің еңбектік қызметін 1964 жылы механизатор ретінде Карл Маркс атындағы колхозда бастады. 1972 жылы Новопокровка зооветеринарлық техникумының механизация бөлімін аяқтады, кейіннен Семей зооветеринарлық институтын, 1981 жылы Қазақ жер пайдалану институтын аяқтады.
1983 жылы Марксизм–Ленизм университетінің экономикалық факультетін қызыл дипломмен аяқтады. Кешендік бригаданың бригадирінен Новопокровка совхоз техникумының бас инженеріне дейінгі жолды өтті. 1992 жылы «Темп» кооперативін басқарды, ал 1995 жылы «Лада» шаруа қожалығының басшысы болды. Қоғамық, саяси және шаруашылық қызметке белсенді қатысқаны үшін Романов Анатолий Михайловичке 2001 жылы Бородулиха ауданының құрметті азаматы атағы берілген. 2013 жылы «Қазақстан Данқы» орденімен марапатталды.

Оның жұбайы – Эльза Андреевна Романова 1950 жылы 28 сәуірде Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Новопокровка орта мектебінің 8 сыныбын бітірді. Новопокровка зооветеринарлық техникумында ветеринар бөлімін бітірген. 1970-1995 жылдар Карл Маркс атындағы колхозда, оның қайта құруынан кейін Новопокровка совхоз-техникумында жұмыс істеді. 1995 жылдан 2010 жылға дейін «Лада» шаруашылық қожалығында ветеринарлық техник болып жұмыс істеді.

 

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 20:10 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші