check

You are here

Маған қандай біліммен айлық төлеуге тиіс?

Сұрақ тақырыбы: 

мен педколледжді «Балаларға 10 жасқа дейін білім беру» мамандығы бойынша бітірдім яғни «мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі, мектепке дейінгі топ, бастауыш сынып мұғалімі» деген біліктілік берілді. енді келесі менің жоғарғы білімім Зұлқарнай Алдамжар атындағы әлеуметтік-техникалық университетінде  «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді деген жогарғы оқу орның тамамдадым. қазіргі танда мен мектеп ішіндегі толық күнді шағын орта тобында тәрбиеші болып жұмыс істеймін.

Осыған байланысты маған орта білімім педколледж бойынша жалақы толеуге тиіс пе әлде жогары мамандығым  бойынша толенеді ме? 

Жауап: 

Қазіргі кезде Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 (Әділет минінде № 13181 болып тіркелген) және де Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 (Әділет минінде № 13181 болып тіркелген) бұйрықтарымен реттеледі.

Осыған байланысты, жалақы төлеу мәселесі бойынша өзіңіз жұмыс жасайтын ұжымның біліктілік комиссиясына негіздеме құжаттарды (білім жөніндегі дипломның, бұйрықтың көшірмелерін және т.б.) ұсына отырып жүгінуіңізге болады.

Шешімді ұжымның біліктілік комиссиясы қабылдайды.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес Министрлік қосымша түсініктеме алу үшін білім саласының уәкілетті мемлекеттік органы – ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізді ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы (Әділет министрлігінде 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сипаттама) қолданыста.

Осы Сипаттамаға сәйкес «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі» лауазымына біліктілікке қойылатын талаптар қарастырылған.

 

 

 

 

 

Олар:

жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының тәрбиешісіне қойылатын талаптарға жауап беруі, осы лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы диагностикалық құралдарды меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы әдістерді ізденуі, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде жеке өзіндік әдістерді болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі бірінші деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық немесе техникалық кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуындағы диагностика элементтерін меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуде заманауи әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану мақсатындағы ізденістерді жүзеге асыру тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 351615
1 желтоқсан, 2011 - 07:42 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші