check

You are here

Еңбек дауы

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба? 2017 жылғы 2 қыркүйекте мектептің физика пәнінің мұғалімі жүктілікке және бала тууға байланысты демалысқа кетуіне байланысты орнына уақытша ҚР еңбек кодексінің 30-бабы, 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес мұғалім қабылданған болатын. Ол бұйрықта да, еңбек шартында да көрсетілген, таныстырылған, еңбек шартының  1 данасы өзіне берілген.

Негізгі қызметкер 2018 жылғы 1 тамызда жұмысқа түсу үшін 2018 жылғы 15 маусымда өтініш берген. Орнында уақытша жұмыс істеп жүрген қызметкерге ол ескертілді.

ҚР еңбек кодексінің 100-бабы, 4-тармағына сәйкес 2018 жылдың 1 тамызында негізгі қызметкер жұмысқа шықты, орнындағы уақытша қызметкермен еңбек шарты тоқтатылды. Бұйрықпен таныстырылды, қызметкер тарапынан ешқандай келіспеушілік болған жоқ.  

                Алайда, (уақыша жұмыс істеген мұғалім өзі жүкті екен) 2018 жылдың 13 тамызында уақытша жұмыс істеген қызметкер маған жүктілікке және бала тууға байланысты еңбекке жарамсыздығы парақшасын әкеліп, толтырып беруін сұраған. Мен оған 1 тамыздан бастап жұмыстан босатылуына байланысты толтыра алмайтынымды айттым.  Яғни, жүктілікке және босануға байланысты (декреттік) төлемақы ала алмайды екен.

Қазіргі таңда ол қызметкер  менің үстіме әр жерге арыз-шағымдар түсіруде. Осыған байланысты, Сізден менің әрекетімнің  заңдылығының дұрыс-бұрыстығын түсіндіріп берсеңіз?

Алдын ала рахмет! 

Жауап: 

Құрметті Рүстем Асқарұлы!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодекстің 51-бабы 2-тармағына сәйкес егер жүкті әйел бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы бар, бала асырап алған және бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа өз құқығын пайдалануға ниет білдірген жұмыскер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру жағдайынан басқа, еңбек шартының мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берсе, онда жұмыс беруші еңбек шартының мерзімін бала күтімі бойынша демалыс аяқталған күнді қоса алып ұзартуға міндетті.
Бұл орайда, аталған нормадағы кепілдік уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына атқарып отырған қызметкерге таратылмайды.
Осыған орай, қарастырып отырған жағдайда Сіз тарапыңыздан заң бұзушылыққа жол берілмегенін атап өтеміз.

Сұрақтың нөмірі: 351573
11 қыркүйек, 2018 - 09:23 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші