check

You are here

еңбек құқығы

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе?

Мен кәсіптік және техникалық колледжде оқытушы болып қызмет жасаймын.

Қояр сұрағым мынадай:

1.Менің диплом бойынша біліктілігім - физика пәні мұғалімі. еңбек стажым 13 жыл болды. 

осы жылдар ішінде физика пәнінен жүктеме аз болуына байланысты математика пәнінен сағаттар алып жүрдім. маған кейде сенің дипломың сәйкес келмейді деп айтады, сол себептен сұрайтыным мен физика пәні мен қатар математикадан сабақ беруге болама?

2.Колледжде оқытушылардың жұмыс уақыты қалай болады?

Оқытушыларға жалақы тек сағатқа байланысты төленетіндіктен, сабағымызды беріп қайтуымыз керек деп ойлаймын. Кейде басшылар жұмыс уақыты таңғы 8 жарымнан кешкі 5 жарымға дейін деп жатады. осы қаншалықты заңды. Егер сағатымыз толық болса ештеңе емес, жарты ставкамен жүргендерге қалай болады?

Жауап: 

Құрметті Гүлмира! Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N338 Бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгілеген.
Аталған Біліктілік сипаттамаларына сәйкес арнайы пән оқытушысына келесі біліктілік талаптары қойылады:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман үшін:
бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман үшін:
бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 5 жыл болуы; немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Бұл сұрағыңыз бойынша қосымша түсініктеме алу үшін Сізге Білім жә»не ғылым министрлігіне жүгінуіңіз қажет.
2-ші сұрағыңыз бойынша:
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 8-б. 3-т. сәйкес жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді деп көрсетілген.
Кодекске сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы оның оқыту жүктемесмен және білім беру ұйыдарының оқыту-тәрбиелеу жұмысының жоспарларымен айқындалады.
Оқытушының жұмыс уақытының ұзақтығы сабақ кестелерімен, сондай-ақ мектептің жұмыс жоспарларымен белгіленеді.
Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Еңбек кодексімен белгіленеді.
Жоғарыда атап өткендей, Еңбек кодексінің 68-б. 1-т. сәйкес мүндай қызметкерлер үшін қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс, ал оңірлік салалық келісімдерде көзделген ережелерге сәйкес – аптасына 36 сағаттан аспауға тиіс (Білім және ғылым министрлігінің ҚР Еңбекминінің тәріздес сауалына 2017 жылғы 8 қарашадағы № 5174-1-11357//11-5 түсініктемесіне сәйкес).

Сұрақтың нөмірі: 351508
7 қыркүйек, 2018 - 20:00 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші