You are here

«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту

«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-1-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13533 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 cәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан   Республикасында   мүгедектiгi   бойынша,    асыраушысынан

айрылу  жағдайы  бойынша және жасына байланысты берiлетiн  мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-1-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1-тармағына және 68-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;   

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

 

 

                         М. Әбілқасымова

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon pravila_rus.doc135.5 KB
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_kaz.doc153.5 KB
Бөлімдер:
18 шілде, 2018 - 09:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші