You are here

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

         ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

         1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; ) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелерінде:

         4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

         «4. Конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Казахстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы болып табылады.»;

         8-тармақтың 3)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

     «3) жыл сайын 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;»;

         10-тармақтың 4)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

     «4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.»;

         12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

       «12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.»;

         қосымшасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережесінде:

         8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

        «8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.».

         2. Осы Жарлық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

                       Президенті                                                             Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда,                    2018 жыл

                            №

 

ТіркемеМөлшер
Package icon vnesenie_izmeneniy_v_ukaz_kaz.zip83.33 KB
Package icon vnesenie_izmeneniy_v_ukaz_rus.zip86.49 KB
19 маусым, 2018 - 15:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші