You are here

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және ( немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (
немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысы.

2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 9-тармағына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе
) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері
алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш
мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (
немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016
ж., № 44, 265-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.

           Қазақстан Республикасының
                 Премьер-Министрі                                                                  Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
PDF icon 157_gos.pdf58.11 KB
Бөлімдер:
3 мамыр, 2018 - 13:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші