You are here

Жұмыс беруші өтемақыны тоқтатты, Неге???

Сұрақ тақырыбы: 

Жәбірленушінің еңбек міндеттерінің атқару кезіндегі жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі МСЭК-те көрсетілген өмірбақиға берілген, бірақ жұмыс беруші зейнетке шығуыма байланысты тоқтатты. Мен өндірісте жүріп жарақат алдым, ол үшінші (3 группа) группа инвалидностқа қоса 50% еңбек қабілетін жоғалтума әкеп соқты. Осы 50% төлем неге тоқтатылды? Алған пенсиямды күнкөріске жұмсаймын ба әлде денсаулығыма жұмсаймынба?

Кезінде осы министірліктен Азаматтық кодекстің 937 бап 2 бөлігі бойынша (особенная часть) арнайы хатты жұмысқа тапсырғам, онда келтірілген залал толық төленсін деп көрсетілген, онда пенсиондық төлем есептелмейді делінген, қазір неге есептеледі?

Жауап: 

Құрметті Ашимбаева Нуршакул!

   Бірінші мәселе бойынша

   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі - Заң) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Заң 2015 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енгізілді.

   Заңмен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 944-бабының 1-тармағына жәбірленушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне, бірақ оның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуінен аспайтын мерзімге жүзеге асырылатындығын көздейтін өзгерістер енгізілген.

   Сонымен қатар, бұл өзгерістердің 2015 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енгізілгендігін ескеретін болсақ, онда бұл норманың осы көрсетілген мерзімнен кейін болған және белгіленген тәртіпте тіркелген  жағдайларға ғана қолданылады.

   2015 жылдың 10 мамырына дейін болған және белгіленген тәртіпте тіркелген  барлық жағдайларға жұмыс беруші зиянды өтеу төлемдерін еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне жүзеге асырады.

   Екінші мәселе бойынша 

   Қазақстан Республикасын Азаматтық кодексінің 937-бабының  2-тармағына сәйкес жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде жарақаттануына немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлуiне байланысты жәбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтiргенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Зиянды өтеу есебiне жәбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табыс та есептелмейдi.

   Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде Сіздің еңбек құқықтарыңыз бұзылған болса, Сіз жергілікті еңбек инспекция басқармасына арызбен жүгінуіңіз қажет.

 

Сұрақтың нөмірі: 348478
21 ақпан, 2018 - 17:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші