You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жіберуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі Т. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
___________ Д. Абаев
2018 жылғы _______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
___________ Қ. Қожамжаров
2018 жылғы ____________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
________________ Е. Сағадиев
2018 жылғы _______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы _____________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
___________ С. Жасұзақов
2018 жылғы _______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
бастығы
__________ А. Күреңбеков
2018 жылғы _______________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
«Сырбар» Сыртқы барлау
қызметінің директоры
____________ Ғ. Байжанов
2018 жылғы _____________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
___________ К. Мәсімов
2018 жылғы _____________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы _____________

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________ Қ. Қасымов
2018 жылғы _____________

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_06.02.2018_rus.doc443.5 KB
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_08.02.2018_gos.doc738 KB
Бөлімдер:
9 ақпан, 2018 - 12:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші