You are here

Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы қалай саналады және анықталады? Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде өтемақы қалай анықталады?

ҚР Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.

Пайдаланылмаған еңбек демалысы күндерінің саны жұмыс істелген уақытқа барабар есептеледі.

Еңбек шартын тоқтатқан немесе бұзған кезде пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы сомасын айқындау үшін пайдаланылмаған демалыс күндері жұмыскер жұмыстан босатылған күннен кейінгі  бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесі бойынша жұмыс күнінен бастап саналады және жұмыс режимі ескеріле отырып осы кезеңге сәйкес келетін жұмыс күндері алынады.

Еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы орташа жалақы есебінен төленеді.

Орташа жалақыны есептеу тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен (бұдан әрі-Қағида) бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Бұл ретте, өтемақы, егер жұмыскер кері шақыртып алынуына байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін орташа жалақыны алмаған жағдайда жүргізіледі.

Осыған орай, егер жұмыскер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне сақталатын орташа жалақысын алған жағдайда келесі нұсқалар болуы мүмкін:

1) еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі;

2) жұмыскер кері шақыртып алуына байланысты еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін төленген орташа жалақыны жұмыс берушіге қайтарады, ал жұмыс беруші еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлейді немесе еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта орташа жалақысын сақтай отырып ұсынады.

 

 

 

6 ақпан, 2018 - 12:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші