You are here

Туберкулез бойынша төленетін больничный мөлшері туралы

Сұрақ тақырыбы: 

Мен 25 жыл еңбек өтілі бар мектеп мұғалімімін. Оқу жылының басынан бері денсаулығыма байланысты еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы (больничный) алып келемін. Маған қойылған диагноз түрі - туберкулез. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығына сәйкес туберкулез "кәсіптік аурулар мен уланудың тізбесіне" енгізілген. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысына сәйкес маған төленетін жәрдемақының (больничный) мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды емес пе? Алайда бухгалтерия маған бір айға есептелетін жәрдемақының мөлшері АЕК-тің он бес еселенген шамасынан асып кетуі себепті ай сайын 34035 теңге больничный төлеп келеді. Менің пікірім дұрыс па әлде бухгалтердің есептеуі дұрыс па? Осы мәселенің анық-қанығын ажыратып берсеңіздер екен. Алдын ала алғысымды білдіремін.

Жауап: 

 Құрметті Жанна Сәдуакасқызы!

   Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысымен бекітілген . 

   Аталған қаулыға сәйкес қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі – жәрдемақы) мөлшері оның бір күндік орташа жалақысын еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен айқындалады.

Қызметкердің бір күндік орташа жалақысының мөлшері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 114-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.

   Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақы мөлшері мен оның мөлшерін айлық шектеу алдыңғы және ағымдағы жылғы айлық есептік көрсеткішті бөлек қолдану арқылы жүргізіледі және алынған сомалар қосылады.

   Еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, бір айға төленетін жәрдемақының мөлшері тиісті жылғы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан  аспауға тиіс.

   Бұл ретте, жүз пайыз мөлшеріндегі жәрдемқы тек Ұлы Отан соғысының жұмыс істейтін қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға  берілетінін атап өтеміз. 

 

Сұрақтың нөмірі: 348251
17 ақпан, 2018 - 17:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші