You are here

2017 жылы зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 1,6 трлн. теңге бағытталды

зейнетақы

2017 жылы 2 млн.-нан астам зейнеткерлердің зейнетақы көлемі 20%-ға дейін артты. Ал, жалпы зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 1,6 трлн. теңге болды.  

2018 жылдың 1 - қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы  8%-ға, базалық зейнетақы 6% -ға өсті.

2018 жылдың 1 - шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 - қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 - қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 - шілдеден бастап  зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады.

Биыл, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыр үшін 1,9 трлн.-нан астам теңге қарастырылып отыр.  

8 қаңтар, 2018 - 12:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші