You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты шара өткізді

іс-шара

Салтанатты жиынды алдымен Министр Тамара Дүйсенова ашты. Ал, мерекелік шараның мәртебелі қонағы - Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, профессор Зинаида Федотова болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлерін Мемелекеттік мерекемен құттықтаған ведомства басшысы, еліміздің өркендеуі мен Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алға қойған барлық тапсырмаларын жүзеге асыруда ұжым еңбегінің табысты бола беруін тіледі.

«Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қоғамдық санадағы Тәуелсіздік пен патриотизм құндылықтарын нығайта түседі, қоғамы қалыптасқан елдің басты идеялары мен саясатына байланысты тұрақты дамудың негізгі факторы», - деді Тамара Дүйсенова.

Мерекелік шараның мәртебелі қонағы Зинаида Федотова, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырудағы Тұңғыш Президенттің табанды еңбегін ерекше атап өтті.

 Салтанатты жиын барысында жемісті еңбек ету, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік қорғау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін кафедра қызметкерлері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ««Әлеуметтік - еңбек саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Ал, «Еңбек ардагері» медалі Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Сәуле Дүйсеноваға табысталды. Сонымен бірге бірқатар сала қызметкерлері де Министрдің қолынан алғыс хаттар алды.  

 

30 қараша, 2017 - 17:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші