You are here

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері ҚР Үкіметінің кезекті отырысында талқыланды

Үкімет отырысы

Жыл басынан бері облыстардағы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мың 700-ден астам тексеру жүргізіп, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 2890 заң бұзушылықты анықтады.

Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай туғызған 20 ұйым мен өндіріс нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылды, ондағы 230 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы осы және басқа да көрсеткіштер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кезекті Үкімет отырысында баяндады.  

Бүгінгі таңда еліміздегі 1400-ден астам кәсіпорын халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау стандарттарын енгізген. Сапында жұмыс берушілер мен жұмысшы топ өкілдері бар 12 мыңнан астам өндірістік кеңестер құрылды.

Бүгінгі таңда 130-тан астам жұмыс беруші сенім сертификатын алып, инспекцияның жоспарлы тексеру тізімінен үш жылға дейін шығарылды.

 Бұл мүмкіндік, жұмыс беруші өзінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес ерікті декларацияны жүзеге асыруына байланысты болды.

Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді. Аттестациялауды тек сынақ зертханасы бар, арнайы мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады. 

«Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесінде, жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек жағдайларын қалыптастыруда оң үрдіс байқалады.  2016 жылы өндірісте жапа шеккендер қатары 2015 жылмен салыстырғанда 2,4% -ға азайды.» - деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Көбіне құрылымы, ғимараттары мен қажетті жабдықтары қанағаттанарлықсыз жағдайдағы құрылыс индустриясында (16,0%), және тау-кен металлургиялық саласында (15%) жұмысшылар сан-алуан жарақаттар алады.    

  Осы жылдың алғашқы тоғыз айы бойынша еліміздің кәсіпорындары басым орналасқан аймақтары, - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталып отыр.

Қазір елімізде халықаралық талаптарға сай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Министрдің айтуынша, министрлікте құрылған сараптамалық топ жыл соңына дейін еңбек жағдайы бойынша жұмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін жетілдіру, жұмысқа байланысты өзара әрекеттесуді белгілеу негізінде ұсыныстар әзірлейтін болады. Тараптардың аралас жауапкершілігі де белгіленеді (жұмыс беруші және жұмысшы).

 

 

28 қараша, 2017 - 17:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші