You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

БҚО-ға жұмыс сапары

Дәстүр бойынша, министр Орал қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты, орталық ұжымымен кездесіп,  2018- жылғы қаңтардың  1-нен бастап енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы  мәселесін  талдады.   

Тамара Дүйсенова АӘК бойынша көрсетілетін көмектің сапасы ең алдымен орталық мамандарының дайындық деңгейіне байланысты екенін қадап айтты.

Министр жаңа форматтағы АӘК енгізу бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастырып отырған жұмысын сынға алды. Тамара Дүйсенова кадрлар құрамын жасақтау кезінде қызметкерлердің құзыретіне ерекше назар аударуды ұсынды. Себебі олардың әрқайсысының функционалды міндеттері әр-бір отбасына деген жеке көзқарастарына тікелей байланысты.  

«Әрбір отбасы білу керек, олар қандай көмек ала алады? Өнімді жұмыспен қамтылғанда қандай ақы аларына және қандай қолдау көрсетілетініне көз жеткізеді. Тұтастай алғанда, бізде жаңа форматтағы АӘК енгізу бүгінгі күннің маңызды тақырыбы болып отыр. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуде», -деп атап өтті министр.

Айта кетерлік бір жайт, үстіміздегі жылы ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі негізінде жұмыспен қамту бөлімдері мен орталықтарының мамандарын –  ассистенттері мен  кеңесшілерін оқыту жұмыстары  жүргізілген болатын. Осындай дайындықтан жыл басынан бері Батыс Қазақстан  облысының жұмыспен қамту бөлімдері мен орталықтарының  35 маманы өткен еді.  Жалпы ел бойынша, мұндай білім беру  үдерісіне  1300- ден астам  маман қамтылды.

Аймаққа жұмыс сапары аясында Еңбек  министрі  алдағы уақыттағы еңбеккерлердің  ауысуын  басқару жөніндегі Жол картасының жүзеге асыруға қатысты  жұмысты жалғастырды.  .

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы  Н.Ә.Назарбаев әкімдіктер мен Үкімет алдында, ірі кәсіпорындарды жаңғырту нәтижесінде   еңбеккерлердің басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырған болатын.    Президент, ірі кәсіпорындардың әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті «Жол карталарын» әзірлеуге тиіс екендігін айтқан  еді.

Осыған байланысты, «Орал  «Зенит»  зауыты» АҚ-да министрдің аймақтағы ірі кәсіпорындар басшыларымен кездесуі өтті.

Батыс Қазақстан облысында еңбеккерлер саны 500 адамнан асатын  23 кәсіпорын жұмыс істейді. Аймақ кәсіпорындарын жаңғыртуға байланысты,  жұмыскерлердің босап қалу немесе қосымша қажеттілік пайда болу үрдісі байқалады. Бұл тұрғыдан алғанда, жергілікті атқару органдары мен жүйе қалыптастырушы кәсіпорындардың бірлескен әрекеттеріның арқасында, Жол картасы бойынша келісім-шарттар жасау жұмыстары жүріп жатыр.  

Бүгінгі  таңда Жол карталарына  еңбеккерлерінің жалпы саны  6,0 мың  адамнан асатын  9 компания  («Орал «Зенит» зауыты» АҚ, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, "Лигабуе Орталық Азия" ЖШС, "МКС Мультикатеринг Казахстан Ко" ЖШС, "Жайыктеплоэнерго" АҚ,   "Батыс су арнасы" ЖШС,  "Жайық таза қала" ЖШС, "НГСК Казстройсервис ҰМҚК" АҚ Орал  филиалы, "Желаевский комбинат хлебопродуктов АҚ ) қол қойды.  

«Бүгінде біз кәсіпорындарды аралаудамыз, онда жүргізіліп жатқан жаңғыртудың арқасында жұмыс күшінің өзгеруі мүмкін. Келісімдерге қол қою - кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органдардың және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қайта даярлау, кәсіпорындарда жастар тәжірибесін және жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік береді. Ал, жұмыс іздеу үдерісін мемлекет қаржыландырады» - деп  түйіндеді  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

 Мұнан соң министрдің жұмыс кестесіне сай  Орал қаласында қала және аудандар әкімдерімен, олардың орынбасарларымен, ауылдық округтар әкімдерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, қалалар мен аудардардың жұмыспен қамту орталықтары басшыларымен әлеуметтік-еңбек қатынастарының негізгі мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесу барысында Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздық мәселелерінің бірқатар мысалдарын айтты. Министр облыс әкімі Алтай Көлгіновке осы мәселеге ерекше назар аударуды және жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынды.

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында  Еңбек министрлігінің басшысы Тамара Дүйсенова Бөрлі ауданының бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады.  АӘК жаңа форматын енгізу аясында Еңбек министрі Ақсай қаласындағы  жұмыспен қамту орталығының АӘК жаңа форматын жүзеге асыруға дайындық барысына баға берді, участкелік комиссия мүшелерімен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен және мәслихат депутаттарымен кездесті. 

Ағымдағы жылдың 10 ай ішінде жобаға  53 отбасы немесе  226 адам тартылып, оларға 14,9 млн. теңге көлемінде уағдалы ақшалай көмек тағайындалған.  

Жоба аясында  жұмыссыздар мен  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан  48 адам еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің белсенді формасына тартылып,  олардың  31-і тұрақты жұмысқа қабылданды.

 Әлеуметтік келісім-шарт бойынша қабылданған шаралардан кейін аз қамтылған азаматтардың жан басына шаққандағы табысының үш есеге өскені  байқалады ( 3 547 теңгеден - 13 430 теңгеге дейін.).

Жалпы,  2017- жылдың  10  айы ішінде  Батыс Қазақстан облысы бойынша, жалпы сомасы шамамен  51,1 млн. теңге көлеміндегі уағдалы ақшалай көмекпен  256 отбасы немесе  1 333  адам қамтылған.

Осы уақыт ішінде жобаға  566 отбасы немесе  2 806 адам тартылған  (2017  жылдың жоспары бойынша  – 1 661 болатын), уағдалы ақшалай көмек 134,2 млн. теңгеге көрсетілген.

Жоба аясында.  жұмыссыздар мен  өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасынан  738 еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің белсенді формасына тартылған.

Әлеуметтік келісім-шарт бойынша қабылданған шаралардан кейін аз қамтылған азаматтардың жан басына шаққандағы табысының төрт есеге өскені байқалады (3 453 теңгеден 16 365 теңгеге дейін).

Еңбек министрі ат басын бұрған тағы бір нысан –  «Жас Дарын» Қоғамдық қоры.  Бұл әлеуметтік жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға  бейімделуіне бағытталған.  

«Жас Дарын» Қоғамдық қоры  - мүгедек балалар мен қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың құқықтары мен мүдделерін  жан-жақты қорғауды мақсат еткен үкіметтік емес ұйымдардың бірі.

Өзі жұмыс істеп келе жатқан уақыт ішінде Қоғамдық қор «Қолыма қалам аламын», «Жас суретші», «Өмірге жолдама», «Балалық шақтың қаласы» секілді көптеген жобаларды жүзеге  асырды.  

2014- жылы «Мүгедек балалар, денсаулық дамуы  айрықша көмекті  қажет ететін балалар және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды шығармашылық тұрғыдан дамыту  және әлеуметтендіру» атты ұзақ мерзімдік жоба құрылған болатын.

      Аталған жоба аясында Ақсай қаласында шығармашылық  шеберхана, сондай-ақ  Бөрлі ауданының ауылдық округтерінде төрт шығармашылық шеберханалар ашылған.

Олар жұмыс істей бастаған кездегі қамтылған балалар саны 25  болса, қазіргі уақытта 170 бала Ақсай қаласы мен ауылдық округтердергі шығармашылық шеберханаларында  өз  таланттарын шыңдауда. 

24 қараша, 2017 - 18:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші