You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

                                                                                                                                            Жоба

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық  актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж.,
 № 22-IV, 151-құжат):

176 - бапта:
1) 1-тармақтың  1-бөлігінің  1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ереуілдерге:
2) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемі сақталмаса, энергиямен жабдықтау, жылыту және жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, авияциялық, теміржол, қоғамдық  автомобиль және су көлігі, байланыс, денсаулық сақтау салаларындағы халықтың тыныс-тіршілігін  қамтамасыз етумен тікелей байланысты ұйымдарда;»;
3) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) егер негізгі жабдықтардың, механизмдердің үзіліссіз жұмысы қамтамасыз етілмесе, қызметінің тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті  салдарлармен байланысты үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, қауіпті өндірістік объектілерде;»;
176-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
2. «Кәсiптiк одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 66-құжат):
8-бапта:
1) 8-баптың  1-тармағы мынадай редақцияда жазылсын:
«1. Кәсiподақ кемiнде үш адамнан тұратын, өздерінің кәсіптік және өндірістік мүдделерінің ортақтығымен байланысқан, жарғысы бекiтiлетін және кәсіподақ органдары қалыптастырылатын құрылтай съезiн (конференцияны, жиналысты) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.»;
10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кәсіподақты мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.  Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу үшін қажеттi құжаттар, оның ішінде осы Заңның 11-бабының  3-тармағында, 12-бабының 
3-тармағында, 13-бабының  2 және 3-тармақтарында және
14-бабының 
4-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері тiркеушi органға кәсіподақтың құрылтай съезi (конференция, жиналыс) өткiзiлген күннен бастап екі айдан кешiктiрiлмей ұсынылады.»;

2 және 3-тармақтар алып тасталсын.
3. «Қоғамдық бiрлестiктер туралы»   1996 жылғы  31 мамырдағы  Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996  ж., № 8-9, 234-құжат):
10-бапта:
1) 1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметі «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын кәсіптік одақтарды  қоспағанда,  қоғамдық бірлестік  кемінде он адамнан  тұратын  Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.».
4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001  ж., № 1, 8-құжат):
19-бапта:
1) 2-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметі  «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын кәсіптік одақтарды қоспағанда, қоғамдық бiрлестiктер  кемiнде он адамнан тұратын, жарғысы қабылданып, органдары қалыптастырылатын құрылтай жиналысын (съезді, конференцияны) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.».

 

7 қараша, 2017 - 18:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші