You are here

«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер енгізуге байланысты әлеуметтік аударымдарды төлеуге қатысты

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы  29  қыркүйектегі № 603 қаулысымен (2017 жылғы 3 қазанда күшіне енді) жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің бірнеше өтініштеріне байланысты  «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына (бұдан әрі – Ереже) өзгерістер енгізілді.

Мәселен, Ережеге сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

Мысалы:

Жұмыс берушілер үшін (жұмыс берушi үшiн әлеуметтік аударымдар төленбейтін табыстарды қоспағандағы орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады).

Қызметкердің айлық табысы – 84 990 теңгені құрады.

Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) мөлшері = 84 990 * 10% = 8 499 теңге.

Сонан соң ӘА есептеу үшін табыс анықталады, яғни, МЗЖ алып тастағандағы алынған табыс:

84 990 – 8 499 = 76 491 теңге.

ӘА мөлшері = 76 491 * 5%= 3 824 теңге 55 тиын.

Осылайша, табысы айына 84 990 теңге болғанда, жұмыс беруші 8 499 теңге сомасында МЗЖ, 3 825 теңге сомада ӘА (өзгерістер ескеріле отырып) төлейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін (өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін алатын табыстары әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады).

Жек кәсіпкердің 2017 жылғы екінші жартыжылдыққа алған табысы 659 114 теңгені құрады.

  1. шілде – (24 459 теңге – 10% МЗЖ)*5% ӘА= 1 222 теңге 95 тиын, өзгерістер ескерілгенде 1 223 теңге;
  2. тамыз – (280 000 теңге  – 10% МЗЖ)*5% ӘА= 12 229 теңге 50 тиын, өзгерістер ескерілгенде 12 230 теңге;
  3. қыркүйек – (146 754 теңге – 10% МЗЖ)*5% ӘА= 6 603 теңге 93 тиын, өзгерістер ескерілгенде 6 604 теңге;
  4. қазан – (73 377 теңге – 10% МЗЖ)*5% СО= 3 301 теңге 97 тиын, өзгерістер ескерілгенде 3 302 теңге;
  5. қараша – (48 918 теңге – 10% МЗЖ)*5% ӘА= 2 201 теңге 31 тиын, өзгерістер ескерілгенде 2 202 теңге;
  6. желтоқсан – (85 606 теңге – 10% МЗЖ)*5% ӘА= 3 852 теңге 27 тиын, өзгерістер ескерілгенде 3 853 теңге.

Осылайша, ЖК табысы 659 114 теңге болғанда, 2017 жылғы екінші жартыжылдыққа 65 911 теңге сомасында МЗЖ, 29 414 теңге сомасында ӘА  (өзгерістер ескеріле отырып) төлейді

Бұл ретте ӘА есептеу үшін ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 ЕТЖ-дан төмен емес және 10 еселенген ЕТЖ мөлшерінен жоғары емес мөлшерде қолданылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төленетін ӘА-ды есептеу және аудару ай сайын жүргізіледі.

 

Бөлімдер:
1 қараша, 2017 - 15:13 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші