You are here

«Өрлеу» жобасына қатысушы азаматтар саны 161 мыңнан асты

Атаулы әлеуметтік көмек

Қазақстанда «Өрлеу» бағдарламасы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін жоба еліміздің барлық 14 облысы мен Астана және Алматы қаласын толық қамтыды. 2017 жылдың 1 қазанындағы көрсеткішке сәйкес, «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 161,7 мың адамға жетіп отыр. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге артық.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 32,5 мың адам немесе «Өрлеу» жобасына қатысушы еңбекке қабілетті азаматтардың 91,7 %-ы тартылды.

Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін 24 861 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 697 азамат қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылды. Сондай-ақ, 2 660 жас маман қайта дайындау курстарына және жастар тәжірибесіне жолданды.

«Өрлеу» жобасына шартты атаулы көмекті тағайындау үшін жүгінген отбасылар немесе азаматтар, ай сайынғы жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 60 пайыздан төмен болса және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындауға келіскен жағдайда қатыса алады», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы Асқар Ниязов.

Оның айтуынша, жобаның мақсаты – кедейлік жағдайына тап болып, белгілі бір себептермен тығырықтан шыға алмай отырған азаматтарға көмек қолын созу.

Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мақсатында 2014 жылдан бастап «Өрлеу» жобасы іске асырылып келе жатыр. Жоба жұмыспен қамту орталықтары арқылы азаматтарға өз ісін ашып, оқуға және жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асыруда Оңтүстік Қазақстан (115 645 адам), Жамбыл (12 045 адам), ШҚО (8 247 адам) және Алматы (7 619 адам) облыстары көш бастап тұр.

Нәтижесінде, жобаға қатысушы әрбір азаматтың тапқан табысы 3,1 есеге, яғни 5 978 теңгеден 18 397 теңгеге дейін өсті.

12 қазан, 2017 - 11:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші