You are here

«Еңбек жолы» байқауына онлайн дауыс беру басталды

Еңбек жолы

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында өндіріс еңбеккерлері мен еңбек әулетттері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» байқауының республикалық кезеңіне онлайн дауыс беру басталды.

Онлайн дауыс беру 2017 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Еңбек жолы» байқауының республикалық комиссиясы жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Еңбек жолы» байқауы 2016 жылы бекітіліп, қазіргі уақытта «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» үш аталымы бойынша жүргізілуде. Шара мақсаты - жастарды еңбекті қадірлеу рухында тәрибелеу, еңбек өнімділігін ынталандыру, ең үздік еңбек әулеттері мен кәсіпорын жұмысшыларын анықтау болып табылады.

Аталған байқау жеңімпаздары 2017 жылдың 27 қазан күні Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» республикалық форумында марапатталады.

Әрбір дауыстың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» байқауы бойынша онлайн дауыс беруге  белсенді қатысуға шақырады.

10 қазан, 2017 - 13:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші