You are here

Атаулы әлеуметтік көмек үш мемлекеттік қолдау түрін біріктіреді

Атаулы әлеуметтік көмек

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізіледі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкіметтің кезекті отырысында хабарлады.

Біріншіден, бүгінде көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақының 3 түрі, атап айтқанда арнайы мемлекеттік жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмек енді Бірыңғай жәрдемақы түрінде берілмек. Бұл орайда, оның мөлшері қазіргі үш түрлі төлемнің жалпы сомасынан жоғары болады.

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекке қосымша еңбекке қабілетті әр азаматқа кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, оқуы және кәсіп алуы, жеке ісін ашуы және оны жүзеге асыруы үшін шағын несие беру арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Үшіншіден, қиын өмірлік жағдайда жүрген отбасы мүшелеріне мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілмек.

Бүгінгі таңда жаңа жергілікті мамандар қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытылуда.

Айта кету керек, 2014 жылдан бері еліміздің барлық өңірінде «Өрлеу» жобасы немесе жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектің нұсқасы пилоттық тәртіпте енгізілді. Тек биылдың өзінде елімізде «Өрлеу» жобасына шамамен 161 мыңдай адам қатысты.

Жоспар бойынша, келер жылы мемлекеттен 350 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын болады (бүгінде жәрдемақының 3 түрін алатындардың жалпы саны).

Атаулы әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында қызметті «бір терезе» ұстанымымен Жұмыспен қамту орталықтарында көрсету көзделіп отыр. Енді жерде азаматтар қазіргідей 3 жерге емес, құжаттардың бір пакетін жинап, бір ғана мекемеге жүгінбек. Көмекті алу үшін қалада – Жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елдімекендерде – ауылдық округ әкімдеріне бару қажет.

10 қазан, 2017 - 11:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші