You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылау, бюджеттің құрастырылуы мен атқарылуының дұрыстығын мониторингілеу, көрсетілетін қызметтердің сапасын  бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

         Мақалаларды, баспасөз релиздерін, жаңалықтарды, баяндамаларды, Министрліктің блогына түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды орналастыру арқылы Министрліктің веб-сайты қызметінде ашықтық және айқындық қамтамасыз етілген.

         Сонымен қатар, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінің сайттарында бірінші басшылардың блогы құрылған, азаматтар онда шағымдар мен өтініштермен  жүгіне алады. Сондай-ақ сайттарда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бөлімдері қызмет етеді және сенім телефондары жайлы ақпарат орналастырылған.

         Министрліктің алқа отырыстарында құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларын қаржыландыру, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу қорытындылары, сондай-ақ бірқатар өзге де мәселелер қаралады.

         Мәселен, Министрліктің алқа отырысында секциялардың бірінде                   2017 жылғы 1-жартыжылдықтағы жұмыстың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі қаралды. Әлеуметтік-еңбек саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу мәселесі бойынша баяндама жасау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері шақырылды. Видеоконференция байланысы режимінде аумақтық департаменттердің басшыларына сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзған адамдарға қолданылатын шаралар туралы фильм көрсетілді.

         Мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

         Бүгінгі күні Министрліктің интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Министрліктің қызметі туралы арнайы бөлім қызмет етеді.

         Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру (мүгедектік беру, зейнетақы, жәрдемақыларды тағайындау) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі шеңберінде Министрлік жүргізетін пәрменді шара болып табылады.

         Мәселен, аумақтық департаменттер мемлекеттік қызметтің 11 түрін көрсетеді, оның 10-ны электрондық форматта көрсетіледі:

         - 7 қызмет бойынша электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда Электрондық үкімет порталында тағайындалған төлемдердің мөлшері туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар;

- 10 қызметті алу үшін тұтынушы құжаттарымен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді, оның 3 қызметі толығымен автоматтандырылған және балама негізде Электрондық үкімет порталы арқылы  көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру шеңберінде қызмет алушының ұялы телефонына мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы СМС хабарлама келеді:

1 қызмет тікелей департамент арқылы ұсынылады («мүгедектікті/және/немесе еңбек еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау);

«Мүгедектікті/және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу  және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» қызметін көрсеткен кезде куәландырылатын адамды объективті тексеру, ұсынылған медициналық құжаттарды талдау қажет және аталған қызметтерді электрондық форматта көрсету  мүмкін болмай отыр.

Еңбекке жарамды жаста алғаш мүгедек деп танылған адамдарға толық электрондық композиттік қызметтер ұсыну енгізілген: мүгедек МӘС бөлімінде алғаш куәландырылған кезде әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер тағайындауға құжат тапсыра алады.

         Куәландыру жүргізген кезде бөлімдерде мүгедектерге тұрақты негізде сауалнама жүргізіледі. Қабылдауға келген адамдарға сауалнама жүргізген кезде көрсетілген қызметтерді де, мамандардың тәртібін де жеке бағалауға мүмкіндік туады. Сауалнамалар қызметтерді алушыларға қолжетімді жерге орналастырылған.

         Сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау мақсатында барлық зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама  бөлімдерінің холлдарында бейнебақылау  орнатылған.

5 қазан, 2017 - 20:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші