You are here

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 169-ө бұйрығы

Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрау және алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 169-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 тамызда тіркелді.Тіркеу N 3004

 

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003жылғы 25сәуірдегі Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.Қоса беріліп отырған Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан әлеуметтік аударымдардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу ережесі бекітілсін.
      2.Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

 

      Министр                                                                                 Г. Қарақұсова                                                                                                                                                                                                                     

                                                                                          Қазақстан Республикасы
                                                                             Еңбек және халықты әлеуметтік
                                                                                                  қорғау Министрінің
                                                                                          2004 жылғы 30 шілдедегі
                                                                                                  N169-ө бұйрығымен
                                                                                                                   бекітілген

Әлеуметтік аударымдар төлеушінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және алу ережесі

1.Жалпы ережелер

      1.Осы Ереже "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді.
      2.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеуді жүзеге асыратын әлеуметтік аударымдар төлеушінің (бұдан әрі - төлеуші) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуға және тегін алуға құқығы бар.

2.Алушының аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты сұрату және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың оны ұсыну тәртібі

      3.Төлеуші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты алу үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты алуға арналған тапсырысты толтырады және оны Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталыққа ұсынады.
      4.Төлеуші өтініш берген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Орталық аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеушіге жібереді.

Қазақстан Республикасы       
Еңбек және халықты әлеуметтік   
қорғау Министрінің         
2004 жылғы 30 шілдедегі      
N 169-ө бұйрығымен бекітілген   
Әлеуметтік аударымдар төлеушінің 
Зейнетақы төлеу жөніндегі    
мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорына   
аударылған әлеуметтік аударымдардың
сомалары туралы ақпаратты сұрату 
және алу Ережесіне       
1-қосымша            

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алуға
өтінім

 ____________________________________________________________________
  Төлем         |  Төлем        |  Төлем     |   Банк           |Кәсіпорын-|Кәсіпорын.
тапсырысы- |тапсыры-     |тапсыры- |операциясы- |  ның СТН  |ның атауы
  ның N         |сының күні |сының      |   ның             |                    |
                      |                     |сомасы    |референсі      |                    |
____________________________________________________________________
         1           |        2           |      3         |         4            |         5         |       6
____________________________________________________________________

      Қолдары:
      Басшы ________________________________________ Т.А.Ә.
      Бас бухгалтер __________________________________ Т.А.Ә.

      Мөр орны

Қазақстан Республикасы       
Еңбек және халықты әлеуметтік   
қорғау Министрінің         
2004 жылғы 30 шілдедегі      
N 169-ө бұйрығымен бекітілген   
Әлеуметтік аударымдар төлеушінің 
Зейнетақы төлеу жөніндегі    
мемлекеттік орталықтан Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорына   
аударылған әлеуметтік аударымдардың
сомалары туралы ақпаратты сұрату 
және алу Ережесіне       
2-қосымша            

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары
туралы ақпарат

____________________________________________________________________
  Төлем |  Төлем   |Төлем  |  Банк   |Кәсіпорын.|Кәсіпорын.|Dbf.
тапсыры.|тапсыры.|тапсыры.|операция.|ның СТН  |ның атауы |файл
сының N |сының күні|сының  |сының   |          |          |
        |          |сомасы |референсі|          |          |
____________________________________________________________________
    1   |    2     |   3    |     4   |     5    |     6    |   7
____________________________________________________________________

      Қолдары:
      ЗТМО бөлімшесінің басшысы ________________________Т.А.Ә.
      ЗТМО бөлімшесінің бас маманы _____________________ Т.А.Ә.

      Мөр орны

Бөлімдер:
31 шілде, 2004 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші