You are here

Еңбек министрлігінде Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Кеңес

Бүгін, Астанада, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенованың төрағалығымен Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. 

Үйлестіру кеңесінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

 «Бүгін, біз, инклюзивті білім беруді дамыту, мүгедек азаматтарға еңбек жағдайын жасау және мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелері бойынша бірқатар маңызды жайттарды қарастыратын боламыз. Сонымен қатар, Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай дамытудың тұжырымдамасын талқылау қажет. Бұл құжатқа байланысты орналасқан өңіріне қарамастан кез-келген Қазақстан азаматы, үкіметтік емес ұйым немесе сарапшы өз пікір-ұсынысын қалдыра алады», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова кіріспе сөзінде. 

Селекторлық жиында «Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Ғалия Абаева, Еңбекмині Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Балтабай Қаппасов және «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов баяндама жасады.

Қазақстан Үкіметі жанындағы ақылдасу алқасы болып саналатын Үйлестіру кеңесінің жұмысында негізінен мүгедектерді әлеуметтік қорғауда тиімді ұсыныс-кеңестер түзіп шығу көзделген. Осымен бірге, Кеңес арқылы мүгедектерге қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара байланысы қамтамасыз етіледі.

11 қыркүйек, 2017 - 16:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші