You are here

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ КІА жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР ДСӘД министрінің м.а. 2016 ж. 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазандағы
№ 191 (28317) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. басымды жоба – мемлекекттік және салалық бағдарламалық құжаттарда көрсетілген басымдықтарға сәйкес іске асырылатын жоба;
  2. басшылар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асыратын, ұйымның мақсаттары мен саясатын айқындайтын, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар алатын, ұйымға тікелей қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді орындамайтын адамдар;
  3. бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
  4. жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);
  5. жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі;
  6. жұмыскерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан, сондай-ақ бір жұмыс берушімен қоса атқару бойынша жұмыс туралы еңбек шартын жасасқан жұмыскерлерден басқа, жасалған мерзіміне қарамастан, еңбек шарттары негізінде қабылданған адамдар саны;
  7. кадрлардағы жергілікті қамту – жұмыскерлердің тізімдік санына қазақстандық кадрлардың жұмыскерлердің санаттары бойынша бөлінген пайыздық саны;
  8. кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама – жұмыс берушінің кадрлардағы жергілікті қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын өз жұмыскерлерін – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды, сондай-ақ шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық кадрлармен алмастыруды қамтитын, құзыретті органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шаралар кешені;
  9. корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon proekt_prikaza_gos.doc135.5 KB
Microsoft Office document icon st_gos.doc177.5 KB
Бөлімдер:
10 мамыр, 2017 - 11:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші