check

You are here

Этникалық көші-қон

2017 жылдың 2-тоқсаныңда республикаға 2 410 отбасы немесе 4 455 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды. Оралмандардың көбісі – 47,1% Өзбекстаннан көшіп келді, 40,3% - ҚХР-нан, 3,8% - Түркменстаннан, 2,4% - Моңғолиядан, 2,4% - Ресейден және 4% - басқа елдерден келгендер (адам саны). Оралмандардың ең көп бөлігі: Алматы – 1 014 отбасы (1 737 адам), ОҚО - 521 отбасы (868 адам), Астана қ. – 215 отбасы (316 адам), Жамбыл – 121 отбасы (177 адам), Маңғыстау – 93 отбасы (516 адам), ШҚО – 84 отбасы (178 адам), Алматы қ. – 70 отбасы (99 адам), Ақмола – 60 отбасы (83 адам), Павлодар – 53 отбасы (108 адам), Қарағанды – 49 отбасы (86 адам), Қостанай – 41 отбасы (89 адам), Атырау – 32 отбасы (59 адам), СҚО – 31 отбасы (59 адам), БҚО - 13 отбасы (20 адам), Ақтөбе – 9 отбасы (50 адам) және Қызылорда облыстарына – 4 отбасы (10 адам) қоныстанды. Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар - 67%, 18 жасқа дейінгі балалар – 27,4% және зейнеткерлер – 5,6%-ды құрайды. Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 12,6%-ң жоғарғы, 22,8%-ң арнайы орта, 55,2%-ң жалпы орта және 9,4%-ң білімі жоқ. 2017 жылдың жарты жылдығы бойынша республикаға 5 000 отбасы немесе 9 290 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды. Оралмандардың көбісі – 50,9% Өзбекстаннан көшіп келді, 36,8% - ҚХР-нан, 4,2% - Түркменстаннан, 2,1% - Моңғолиядан, 2,1% - Ресейден және 3,9% - басқа елдерден келгендер (адам саны). Оралмандардың ең көп бөлігі: Алматы – 1 967 отбасы (3 468 адам), ОҚО - 1 245 отбасы (1 981 адам), Астана қ. – 399 отбасы (574 адам), Жамбыл – 312 отбасы (475 адам), Маңғыстау – 239 отбасы (1 244 адам), ШҚО – 209 отбасы (405 адам), Алматы қ. – 118 отбасы (174 адам), Қарағанды – 113 отбасы (190 адам), Ақмола – 112 отбасы (173 адам), Қостанай – 67 отбасы (130 адам), Атырау – 59 отбасы (99 адам), Павлодар – 56 отбасы (114 адам), СҚО – 52 отбасы (87 адам), БҚО - 24 отбасы (37 адам), Ақтөбе – 21 отбасы (124 адам) және Қызылорда облыстарына – 7 отбасы (15 адам) қоныстанды. Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар – 67,1%, 18 жасқа дейінгі балалар – 26,9% және зейнеткерлер – 6%-ды құрайды. Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 11,5%-ң жоғарғы, 24,4%-ң арнайы орта, 55,3%-ң жалпы орта және 8,8%-ң білімі жоқ.

Бөлімдер:
22 тамыз, 2017 - 15:26 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші