You are here

Маңғыстау облысындағы Еңбекмині күндері – алғашқы күн қорытындысы

Түпқараған ауданы

Ағымдағы жылдың 11 тамызынан бастап, Маңғыстау облысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері басталды.

Министрлік өкілдері жұмысын Түпқараған ауданынан бастап, жергілікті әкімдік ғимаратында халықпен кездесу өткізді.

Жұмыс тобының мүшелері келесі бағытты түсіндіру жұмыстарын жүргізді:

- Қазақстанның бүгінгі зейнетақы жүйесі және оны жаңғырту, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыны ағымдағы жылы 20 пайызға көтеру, әйелдердің зейнет жасын 2018 жылдан бастап біртіндеп жоғарылату, базалық зейнетақыны тағайындау шарттарының өзгеруі, жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарнасын салуы;

- халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары;

- әлеуметтік көмек көрсетуге арналған негізгі жаңғыру қадамдары.

Жалпы кездесуден соң азаматтар жеке мәселелерімен қабылданды.

Тұрғындар өздерін толғандыратын еңбекпен қамту, қаржылай жәрдем алу, баспана жөндеуде қарастырылған тетіктер, зейнетақы жинағын ерте шешу мүмкіндігі сияқты өзекті жайттарды көтерді.

Түс ауа Министрлік мамандары Түпқараған ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне барып, қызметкерлермен жүздесу барысында аз қамтылған азаматтарды «Өрлеу» жобасына, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына тарту, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау» композиттік қызметін көрсету тұрғысында әдістемелік кеңес берді.   

12 тамыз, 2017 - 14:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші