You are here

Маңғыстау облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді

Маңғыстау

Ағымдағы жылдың 11 тамызынан бастап, Маңғыстау облысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері басталады.

Министрлік өкілдері жұмысын Түпқараған ауданынан бастап, халықпен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Жұмыс тобының мүшелері халықпен жүздесу барысында Қазақстанның бүгінгі зейнетақы жүйесі туралы әңгімелеп, 2018 жылдан базалық зейнетақыны тағайындаудағы өзгерістер жайына тоқталады. Соңғы шешім қазақстандық азаматтарға қазіргіге қарағанда көбірек зейнетақы алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, министрліктегі құрылымдық бөлімше мамандары халықты жұмыспен қамту саласында мемлекет тарапынан қарастырылған мүмкіндіктер жайын қозғап, әлеуметтік көмек көрсету мен бос жұмыс орындарына бағыттаудағы техникалық-өндірістік білім беру ұйымдарында тегін оқыту сияқты қолдау шараларын тарқатады.

10 тамыз, 2017 - 15:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші