You are here

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Көкшетаудағы жұмыспен қамту орталығында болды

Көкше

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығын аралады.

Сапарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына жауапты вице-министр Біржан Нұрымбетов қатысты.

Орталықты аралау барысында Үкімет басшысына операторлар жұмыс жасайтын операциялық зал, ондағы жұмыс тәсілдері таныстырылды.

Өз кезегінде мекеме директоры Ерік Мұратбеков өңір тұрғындарын еңбекпен қамту бойынша көмек көрсетуде іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы баяндама жасады.

2017 жылы орталықтың жәрдемдесуімен 706 адам еңбекпен қамтылып, 90-ға жуық адам кәсіптік оқытудан өтті және де 193 адам қоғамдық жұмыстарға, 51 адам уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына және тағы 33 адам жастар іс-тәжірибесіне бағытталды.  

Өңірде биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға 4,8 млрд теңге қарастырылған. 

4 тамыз, 2017 - 19:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші