You are here

Экономикалық даму ұйымы Қазақстанның еңбек нарығына талдау жасады

ЭЫДҰ

Астанада, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жұмыспен қамту, еңбек-әлеуметтік қатынастар жөніндегі директоратының директоры Стефано Скарпетта, «Үш топқа арналған көзқарасқа шолу: жастар, егде жастағы жұмысшылар және халықтың осал топтарын қорғау» жобасы бойынша қорытынды баяндаманы таныстырды.

 «Жобада, ЭЫДҰ-ның соңғы жылдардағы жастарды, егде жастағы еңбеккерлерді жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі жандарды мақсатты түрде әлеуметтік қолдау саласындағы жұмысы арқау етілген. Осыған байланысты, жоба аясында, ЭЫДҰ елдеріндегі алдыңғы қатарлы тәжірибе арқылы Қазақстанда қолдануға болатын ұсыныс-кеңестер түзіп шығу көзделуде», - деп мәлімдеді Біржан Нұрымбетов.

Жоба бойынша жұмыс 2015 жылдың 22 қаңтарында Давос қаласында (Швейцария конфедерациясы) қол қойылған бағдарламаны жүзеге асыру аясында жүргізілген.

Жобаның басты мақсаты Қазақстандағы жоғарыда көрсетілген халық санаттарын еңбекпен қамтуға байланысты негізгі түйткілдерге талдау жасау мен еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, әлеуметтік бағдарларды түзу сынды тиісті стратегиялық әрекеттерді анықтау болып саналады.

«Есепте біз Қазақстанның соңғы 15 жылда тек экономикалық өсіммен шектелмей, көптеген жұмыс орындарын құрғанын атап өттік. Мысалға, жұмыссыздық саны 50 пайызға азайды, оның ішінде жастар да бар. Бұл жерде назар аударатыны, барынша мол құрылып жатқан жұмыс орындарының санында емес, сапасында, яғни адамның қызметінде көтеріліп, лайықты жалақы алуы», - деді өз кезегінде Стефано Скарпетта. 

Зерттеу қорытындысы жұмыспен қамтуда ұсынылатын тетіктер, қажетті халық санаттарын еңбекпен қамтуға қолайлы ахуал қалыптастыруға қажет институционалдық шаралар кешені болуы тиіс.

Жастар, егде жастағы жұмысшылар және халықтың осал топтарын қорғау сынды үш топқа арналған көзқарасқа шолу бойынша ұсыныс-кеңестер жұмысқа мұқтаж қазақстандықтарды еңбекпен қамтуда кәдеге жарап, оларды жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимылын күшейтуге мүмкіндік бермек.  

13 шілде, 2017 - 14:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші