You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшыларын босатуы мүмкін 300-ден астам кәсіпорынды тексерді

жұмысшылар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, еңбек нарығындағы тұрақты жағдайды сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жұмысшыларын қысқарту қаупі бар кәсіпорындарға апта сайын мониторинг жүргізеді.

2017 жылдың алғашқы жартысында мұндай тексеріске 164,3 мың адам жұмыс істейтін 306 кәсіпорын ілікті. Аталған іс-қимылдар барысында штаттың қысқаруына байланысты 1979 жұмысшымен еңбек қатынастары тоқтатылғанымен, 5,1 мың еңбеккер икемді жұмыс сипатына көшті. Өңірлерде ахуалды жақсарту үшін дағдарысқа қарсы штабтар мен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиялар қызметі күшейтілді.

Мәселен, 2017 жылдың басынан бері мүдделі мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік серіктес тараптардың қатысуымен дағдарысқа қарсы штабтардың 27 және үш жақты комиссиялардың 24 отырысы өткізілді. Оларда жұмысшыларын қысқартуға жол берген кәсіпорындардың 232 басшысы тыңдалды.

Министрлік әлеуметтік үдерістерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қабылданған міндеттерді бұлжытпай сақтау бағыттарында әкімдіктер, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қою әрекеттерін үзбей жалғастырып келеді.   

Биылғы 1 шілдеде бекітілген 115 мыңнан астам меморандумның 1,6 мыңы ірі, ал 113,4 мыңы орта және шағын кәсіпорындармен болып отыр. Тараптар тиісті талаптардан ауытқамаған жағдайда, 2,8 млн адамның жұмыс орны сақталып қалмақ. 

10 шілде, 2017 - 15:21 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші