check

You are here

Қазақстанда отбасыны қолдаудың ұлттық үлгісі құрылды

Бүгін Астана қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Отырыста отбасын, ана мен баланы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені туралы мәселе қаралды. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, Қазақстанда бала тууды ынталандыру мен отбасында балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесуге, көпбалалы аналардың беделін арттыруға, мүгедек балалар мен олардың отбасыларын, сондай-ақ аз қамтылған шаңырақтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер жүйесі аясындағы баласы бар отбасыларды қолдаудың ұлттық үлгісі әзірленген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ү.ж. 1 шілдеден бастап бала туғанға байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ға көбейтілетін болады. Бұған қоса, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс мөлшері қайта қаралатын болады. Бұл 3 млн азамат үшін базалық зейнетақылардың, мүгедектерге, асыраушыларынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақылардың, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге арналған атаулы көмек пен жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыруға мүмкіндік береді.

 

1 шілде, 2017 - 15:15 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші