check

You are here

2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 11,7 млрд теңге төленді

2003 жылдан бері Қазақстанда саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 11,7 млрд теңге төленді.

 Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы»  Заңына сәйкес, негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған және Қазақстан заңнамасына сай ақталған адамдарға, республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген айлық есептік көрсеткіштің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептік көрсеткiштен аспайтындай ақшалай өтемақы төленедi.

2003 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 3 млрд теңгеге жуық сомада біржолғы ақшалай өтемақы төленді.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға басқа әлеуметтік төлемдерден тәуелсіз арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленеді.

2005 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта республикалық бюджет қаржысынан 8,8 млрд теңге сомасында АМЖ төленді. Бұл мақсатқа 2017 жылы 1046,4 млн теңге жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 мамырда жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендер қатарынан АМЖ алушылар саны 35 069 адамды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 Жарлығына сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi атап өтіледі.

 

1 шілде, 2017 - 15:08 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші