You are here

Қазақстанда жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін жалдау үшін биыл бюджетке 3,2 млрд теңге төледі

ШЖК

ҚР Үкіметі, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, 2016 жылы елге шетелдік мамандарды шақыруға экономикалық белсенді халықтың 0,7% көлемінде квота белгілеп, бұл 63 мың бірлікті құрады (2017 жылы 54 мың немесе 0,6%).

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2017 жылдың 5 айында жергілікті атқару органдар тарапы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 3 813 жұмыс берушіге 10 658 рұқсат құжатын беріп, жарамдылық мерзімін ұзартты.

“Олар өз кезегінде 3,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. 2017 жылдың басында ел бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 29,3 мың рұқсат беру күшінде болса, оның 23,1 мыңын 1-3 санаттардағы жұмысшылар құраса, 545 адам корпоративтік ауысу аясында жұмылдырылды.

  2017 жылдың 1 мамырындағы жағдайға қарағанда 28,5 мың рұқсат берілсе, оның 77%-ы 1-3 санаттардағы мамандарға табысталды. Шетелдік жұмыс күшін тартқан 3 768 кәсіпорында 470,4 мың қазақстандық азамат істеп, бұл жұмысшылардың жалпы санының 94%-ын құрайды”, - дейді министр.

2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілерде, қазақстандық азаматтар үшін 16 259 жұмыс орны қамтамасыз етілген. Өткен жыл бойы 1 091 жұмысшы кәсіби қайта даярлықтан өтсе, 5427 жергілікті жұмысшы біліктілігін көтеріп, 249 қазақстандық еңбеккер кәсіби кәсіби шеберлігін шыңдаған. 11 шетелдік маманды болса, жергілікті кадр алмастырған.  

Осы орайда, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, заңда АҚШ, Канада, Австралия елдеріндегідей шетелден жоғары білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасау қарастырылған. Мысалға, 2017 жылдың 1 қаңтарынан, шетелдік жұмыс күшін тарту, өзіндік жұмысқа тұру және ішкі корпоративтік ауысу тәртібі өзгерді.

Бүгінде, Қазақстан Республикасына келетін шетелдік мамандар, 3 айлық тиісті  анықтама негізінде біліктілікке сай кез-келген жұмыс орнына, экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер тізбесінде көрсетілген мамандықтар тұрғысында өз бетімен жұмысқа тұру мүмкіндігін иеленуде. Шетелдік маман білімін, жұмыс өтілін, тәжірибесін және өзге де біліктілігін дәлелдейтін шарттар шеңберінде арнайы жүйеге лайық ұпай жинайды.

Жаңа жеңілдетілген шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібінде жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылып, әкімшілік талаптар алынып тасталды. Ескі қағидаттардың орнына жұмыс беруші салық алымдарын төлеуі тиіс. 

Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелер жөнінде, ішкі корпоративтік ауысулар квотадан тыс, бірақ рұқсаттар бойынша жүргізілмек. Бұл рұқсат құжаттары тегін әрі “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы (www.egov.kz, www.elicense.kz) берілмек.

19 маусым, 2017 - 17:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Министр Т.Дүйсенованың халық алдында есеп беру кездесуі 21.06.2017 ж.
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Әр адамға қамқорлық
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші