You are here

186 мыңнан астам қазақстандық азамат мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл жұмысқа тұрды

жұмыспен қамту

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап, Президент тапсырмасы аясында, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру басталғаны белгілі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың сөзінше, үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде (06.06.17 ж.) жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 186 мыңнан астам адам қамтылып, оның ішінде 91 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, 74,8 мың адам кейіннен белгілі бір бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылатындай жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар бағдарламалары арқылы уақытша еңбекпен қамтылды.

19,3 мыңнан астам отандасымыз биыл қысқа мерзімдегі кәсіби оқуға кірісіп, 932 адам шағын несие алды және 222 отбасы жаңа аймақтарға қоныс аударды”, - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Еңбек нарығындағы түйткілдерді дер кезінде тарқату мақсатында, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жыл сайын жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылы 310,6 мың жаңа жұмыс орындары құрылса, оның 151,6 мыңы ауылдық жерде пайда болған (2017 жылдың 1 маусымына - тиісінше 105 және 44,8 мың). Салалар тұрғысында ең көп жұмыс орны сауда – 37,7  мың, құрылыс – 35,3 мың, өнеркәсіп – 23,9 мың, ауылшаруашылық – 20,1 мың (2017 жылдың 1 маусымына – сауда – 14 мың, құрылыс – 16,1 мың, ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығында –  10,3 мың жаңа жұмыс орны) бағыттарында құрылған. Жалпы жұмыс орындары көлемінен 65,9% – тұрақты жұмыс орындары болса, қалғаны - уақытша және маусымдық сипатта (2017 жылдың 1 маусымына – 78,2%).

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары іске асырылып, 2016 жылы елдегі жұмыспен қамту мекемелеріне 336,4 мың жұмыссыз адам көмекке жүгінген. Бұл жерде 66%-дан астамы еңбекпен қамтылған (2017 жылдың 1 маусымына - 130,2 мың, 39 % жұмысқа орналастырылған).

Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар, өңірлерді дамыту бағдарламалары еңбек нарығындағы ахуалға оң септігін тигізіп отыр.

2016 жылдың қорытындысында, 2015 жылмен салыстырғанда, жұмыспен қамтылғандардың саны 8 623,8 мың адамнан 8 553,4 мың адамға азайып, осы орайда жұмыспен қамтылған халықтың құрамында жалдамалы жұмысшылардың қатары 73 пайыздан 74,2%-ға көбейді. Ал өзін жұмыспен қамтығандардың үлесі 27 пайыздан 25,8%-ға төмендеп, өзін жұмыспен қамтығандардың ішінде өнімсіз тірлікпен айналысушылардың үлесі айтарлықтай, 22,4 пайыздан 13,6%-ға қысқарған.   

16 маусым, 2017 - 11:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші