You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік қызмет көрсету саласын жаңғырту жұмыстары жалғасын табуда

әлеуметтік қызмет

Мемлекеттік, жекеменшік және үкіметтік емес секторларда стационар, жартылай стационар және үйдегі күтім, уақытша болу жағдайларындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз ету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде. 

2009-2016 жылдары әлеуметтік қорғау жүйесі стандарттарын жүзеге асыруға арналған республикалық бюджет шығындары 24,5 млрд теңгеден асты. Ал 2017 жылы 1 152,9 млн теңге нысаналы қаржы сомасы бөлінуде.

“Қазіргі уақытта Қазақстанда 651 мыңнан астам немесе халықтың жалпы санынан 3,7% мүгедек тұрады. Бұл жерде адамдардың 62,8%-ын еңбекке жарамды жастағы тұлғалар құраса, 12,2%-ы - 18 жасқа дейінгі балалар. Министрлік тарапынан әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын төлқұжаттандыру мен бейімдеу арқылы кедергісіз орта қалыптастыруды қосқанда, бірнеше бағытта жұмыс жүргізілуде. 2017 жылдың алғашқы тоқсанында 28,9 мың нысан төлқұжат алып, оның 18,4 мыңы бейімдеуге жатса, 11,5 мыңы денсаулығы тұрғысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделіп үлгерді.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау көзделуде.

Мүгедектігімен жұмыс істейтін және оқитын адамдарға, басым тәртіпте республикалық қазынадан қаржыландырылатын 13 Инватакси қызметі ұсынылады”, - деп атап өтті Қоғамдық кеңеспен есептік кездесу барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.  

Жергілікті атқарушы органдар жағынан мүгедектерге техникалық көмекші (сүйемелдеуші) құралдар (протездік-ортопедиялық жәрдем, қоларба-креслолар, сурдо және тифло-техникалық заттар), шипажайларда емдеу, ыммен сөйлесу және жеке көмекші, инватакси қызметтері қамтамасыз етілуде. 

ҚР “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” Заңына сәйкес, бүгінгі таңда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жалғасын табуда. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі 23 мыңнан артық қарт және мүгедек жандарды, оның ішінде 110 стационар үлгісіндегі медициналық-әлеуметтік мекемеде мүгедек балаларды, 74 жартылай стационар үлгісіндегі ұйымда 13,4 мың адамды, қарттар мен мүгедектерге, мүгедек бүлдіршіндерге арналған үйдегі 508 әлеуметтік көмек бөлімінде 56,9 мың адамды қамтуда. 

2016 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша әлеуметтік тапсырыс 6 мың адамды қамтыған 16 өңірде, 106 үкіметтік емес ұйым арасында іске асырылды.

15 маусым, 2017 - 17:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші