You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 416 құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесі келесідей мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

«19. өз қызметін Орта Азияның өңірлік экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келісімнің негізінде жүзеге асыратын Орта Азияның өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтіндер».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қазақстан Республикасының

                  Премьер-министрі                                                         Б. Сағынтаев

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon 1._pp_rk_kaz.doc55 KB
Microsoft Office document icon 2._st_gos.doc69 KB
Microsoft Office document icon 3._pz_gos.doc77.5 KB
Бөлімдер:
3 маусым, 2017 - 12:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші