You are here

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесі жаңғыртылады

Светлана Жақыпова

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін әрі қарай тереңдете жаңғырту тұжырымдамасы жобасын талқылауға қатысты. Бағдарламаны талқылау Павлодар қаласында өтіп жатқан республикалық семинар-кеңестің екінші күні аясында өтуде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі, жаңа «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы» Заңы қабылданған 2009 жылдан бастап өзгеріске түсті. Бүгінгі таңда тиісті қызметтер көрсету стандарттарын біртіндеп енгізуді қамтамасыз ететін қажетті құқықтық база жасалды. 

Осы орайда жұмыс мүгедектігі бар және егде жастағаны адамдардан тыс, пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен, адам саудасы құрбандарымен, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен, белгілі бір тұратын жері жоқ адамдармен де жүргізілуде.

2016 жылдың қорытындысында арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж 98% қазақстандық азаматтың мұқтаждығы өтелді.

Анықтама ретінде келтірсек, 2009 жылдан бері арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар саны 40%-ға (2009 жылға дейін – 580 ұйым, 2016 жылдың қорытындысында – 800-ден астам), қызмет алушылар саны 70%-ға (2009 жылы арнаулы қызметтермен 73 мың адам, 2016 жылдың қорытындысында 125 мыңнан астам адам қамтылды) өсті.

2009 жылға дейін қызметті тек мемлекеттік мекемелер көрсетсе, қазіргі кезде 106 үкіметтік емес ұйым 6,3 мың қазақстандыққа қызмет көрсетуде.

 Күндізгі бөлімдер де белсенді дамуда. Тұтас ел бойынша 53 орталық арқылы көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшы созылып, отбасыдан ажыратпастан жағдай жасалуда. Жыл өткен сайын отбасына оралған балалар саны көбейіп келеді. Бүгінде 626 бала стационардан үйге оралып, 693 ата-ана жұмысқа орналасты.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын халықты әлеуметтік қорғау саласында 2009 жылдан енгізгелі, барлық медициналық-әлеуметтік мекемеде қызметкерлер ауқымы кеңейіп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жұмылған адамдар көлемі 66%-ға немесе 21-ден 35 қызметке көбейді.

2009 жылдан 20 млрд теңгеден астам қаржы аталған бағытты дамытуға жұмсалды. Нәтижесінде бүгінде сала монополиядан арылып, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйымды таңдау құқығы ұсынылды және шығындарды қызметтерді алушылардың қоса қаржыландыру ұстанымы қолданысқа енгізілді.

«Әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін әрі қарай тереңдете жаңғырту тұжырымдамасы нарықтық сипатқа көшуге бейімделген. Қызмет көрсету сапасы жақсы болған сайын, онымен айналысатын ұйымға да қаржы молырақ тиеді», - деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Бұл өтпелі кезең 2018-2025 жылдарды қамтиды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту екі кезең арқылы іске асырылады.

Бірінші кезеңде стандарттарды жетілдіру мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулы сипатын күшейту қолға алынады. Әлеуметтік күтімнің баламалы түрлері сыналып, шағын сыйымдылықтағы үйлер мен күндізгі орталықтар қанат жаяды және де өмірде қиын жағдайда қалған жандарды қоғамға кіріктіруге күш салынады.

Реформада арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру жүйесін қайта қарастыру жағы маңызды болып отыр. Мұнда қызметті алушы оны пайдалануға байланысты жерді таңдау құқығын иеленеді. 

Сонымен қатар, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесін жетілдіру негізгі мәселеге ретінде назарда ұсталмақ. Әлеуметтік қызметкерлерді дайындаудың кәсіби стандарттары түзіліп, олардың біліктілігін бағалаудың тәуелсіз жүйесі қолданылатын болады.

Арнаулы әлеуметік қызметтерді ұсынудың ықпалдандырылған үлгісін енгізу аясында, ведомствоаралық байланыс нығайып, қызметтерді көрсетудің тұтастығы мен үздіксіздігі қамтамасыз етілмек.

Екінші кезеңде жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік ұйымдардың тыныс-тіршілігі мұқият таразыланып, олардың ауқымында кадрлар даярлау мектептері, оңалту орталықтары іске қосылатыны көзделуде.

«Жаңғырту қадамдарының арқасында әлеуметтік жұмыс саласындағы жөнсіз қайталау келеңсіздіктері жойылып, арнаулы қызметтерді көрсету үдерісі ықшамдалады. Осымен бірге, қаржы және кадр қорлары тиімді пайдаланылып, қолжетімділік мәселесі қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Пікір алмасу барысында тұжырымдамада көрсетілген шешімдер мен негізгі ұстаным-қағидалар, сала саясаты қызу талқыға салынды.

19 мамыр, 2017 - 18:55 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші