You are here

"2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №17 бұйрығы

2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары бекітілсін.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін мерзімді баспа басылымдарына және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясына, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуді;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                       Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі

___________ Д. Абаев

2017 жылғы _______________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

___________ Ж. Асанов

2017 жылғы ____________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

__________ Б. Сұлтанов

2017 жылғы _____________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

___________ С. Жасұзақов

2017 жылғы _______________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік күзет қызметінің

бастығы

__________ А. Күреңбеков

2017 жылғы _______________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

«Сырбар» Сыртқы барлау

қызметінің директоры

____________ Ғ. Байжанов        

2017 жылғы _____________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің төрағасы

___________ К. Мәсімов

2017 жылғы _____________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы _____________

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

___________ Қ. Қасымов

2017 жылғы _____________

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және  халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

                                                                      2017 жылғы «3» Наурыз            

№ 17 бұйрығымен

бекітілген

     

                                                  

2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің

мөлшерін қайта есептеу қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)  73-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленді және 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу тәртібін көздейді. 

2. Қайта есептеуге 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері жатады.

3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты қайта есептеледі.

 

2-тарау. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есептеу тәртібі

 

4. Әрбір мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі айқындалады.

5. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

1) Заңның 13-бабына сәйкес есептелген 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі;

2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең есепке алынады.

6. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі қосымша құжаттарды талап етусіз алушының зейнетақы ісіндегі құжаттар бойынша есепке алынады және жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек өтіліне сәйкес келеді.

7. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары түскен айлардың жалпы саны ретінде есепке алынады.

8. Егер орталықтандырылған дерекқорда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары қай айға аударылғаны туралы мәліметтер болмаса, онда міндетті зейнетақы жарналары нақты аударылған ай есепке алынады.

9. Егер жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын бір айда бірнеше рет аудару жүзеге асырылса, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі бір айды құрайды.

10. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне,  сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне еңбек өтілі және еңбек сіңірген жылдары қосымша құжаттарды талап етусіз зейнетақы ісіндегі деректер бойынша есепке алынады.

11. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған күнге есепке алынады.

Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 63 жасқа (ерлер) және 58 жас 6 айға (әйелдер) толғанға дейін есепке алынады.

 

3-тарау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу

12. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.

 

4-тарау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

 

13. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу жөніндегі жұмысы алушының мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу туралы өтінішін талап етпестен жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу туралы шешім 2018 жылғы 1 шілдеден бастап осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.  

15. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес 1-BС-арттыру нысаны бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалына бір данада әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы зейнеткердің зейнетақы ісінен үзінді көшірме береді.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               2018 жылғы 1 шілдеге дейін

тағайындалған мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта

есептеу қағидаларына

1-қосымша

 

 

Нысан

Коды ______________

Облысы ____________

 

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік

базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

____________ облысы бойынша департаментінің

20__ жылғы «__» _______ № ___ шешімі

 

Азамат(ша)_______________________________________________________

                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Іс № __________

Жынысы _________ Туған күні 19__ жылғы «__» ________

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ___ жыл ___ ай ___ күн

оның ішінде:

1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ___ жыл ___ ай ___ күн

МЗЖ жүзеге асырылған кезең ___ жыл ___ ай 

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті  ________________

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 шілдеден бастап __________________________ теңгені

____________________________________________________ теңгені құрайды

                                             (сомасы жазбаша)

Департамент басшысы _________________________________________________________________

                                                                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Басқарма (бөлім) басшысы ____________________________________________________________

                                                                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Маман _______________________________________________________________________________

                                                                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Шешімнің жобасын дайындаған:

«ӘТВЕО» департаментінің директоры __________________________________________________________

                                                                                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

«ӘТВЕО» департаментінің маманы ____________________________________________________________

                                                                                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

«ӘТВЕО» бөлімшесінің бастығы  _______________________________________________________________

                                                                                                     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

«ӘТВЕО» бөлімшесінің маманы ________________________________________________________________

                                                                                                     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

2018 жылғы 1 шілдеге дейін

тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларына

2-қосымша

 

Нысан

 

Мемлекеттік базалық зейнетақы

төлемінің мөлшерін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап

қайта есептеу туралы

шешім

 (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін)

 

____________________________________________________________________

                           (әскери, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Зейнетақы ісінің № __________

Туған күні 19___ жылғы «___»__________

 

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі:

күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

оның ішінде:

1) еңбек сіңірген жылдары:

күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

2) еңбек өтілі:

күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн.

 

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті _________________

 

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 шілдеден бастап __________________________ теңгені

____________________________________________________ теңгені құрайды

                                             (сомасы жазбаша)

М.О.

Бөлімше басшысы        ___________   _____________________________

(қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Бөлімше маманы ___________    _____________________________

   (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon gbpv_blanke_rus.doc91 KB
Microsoft Office document icon gbpv_blanke_kaz.doc92 KB
Бөлімдер:
19 мамыр, 2017 - 12:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші