You are here

Павлодарда өңірлердегі әлеуметтік мәселелер жайы қаралды

Павлодар облысы

Павлодар облысында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйытқы болуымен, “2012-2018 жылдары Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша Шаралар жоспарын кешенді түрде іске асыру туралы” тақырыбында екі күнге арналған республикалық семинар басталды.

Семинар барысында Қазақстандағы 650 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның басындағы мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастыру жоспарлануда.

Шараға мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша құрылған Республикалық үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыс әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары мен мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілерінен, сондай-ақ, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшыларынан тұратын өңірлік делегациялар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.  

Семинарға қатысушылар, Павлодардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділік жағы қамтамасыз етіліп үлгерген бірқатар көліктік, мәдени-спорттық инфрақұрылым нысандарына, медициналық-әлеуметтік мекемелерге барады деп көзделіп отыр. Атап өтерлік жайт, мүгедектігі бар тұлғаларға күнделікті тыныс-тіршілікте маңызды қызметтер ұсынатын әлеуметтік нысандарды қолайлы жағдайға бейімдеу түйткілдері біртіндеп тарқатылуда. Елімізде тиісті 36 мыңнан астам мекеме анықталса, оның 18 400-і (64%) бұған дейін қолжетімсіз деп танылған еді. Дегенмен, аталған нысандарды кезең-кезеңмен бейімдеудің өңірлік жоспарларының жасалғанына байланысты, емхана, аурухана, мектеп, әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сынды әлеуметтік сала ғимараттарына кіру жеңілдеп келеді. Бүгінде мұндай бейімдеу деңгейі 62%-ға жетті. Мәселен, Павлодар облысының өзінде тұратын 28 мыңнан артық мүгедек жан, жалпы халықтың 3,7%-ын құрауда. Дайындық құжатын 1412 нысан алды.

Сонымен қатар, нысандардың қолжетімділігі мәселесі, инклюзивті білім беруді дамыту тәрізді маңызды бағытты қамтуда. Облыста инклюзивті білім беруді өркендетуге қатысты мекемелер желісі жасақталып, онда оқыту қажет және қажеттілігі ерекше балалардың жалпы санынан 3598 бала немесе 89,3%-ы қабылданған.

Өткен жылдың қорытындысында, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігі 92%-ға, кәсіби қыры 97%-ға орындалды. Мүгедектерді оңалтуға бөлінген қаражат көлемі, ағымдағы жылы, 2748,9 млн теңгені көрсетті. Өмірінде сын сәттерді өткерудегі жандардың 90%-дан астамына, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары мен әлеуметтік көмек бөлімшелерінде қызмет көрсетілуде.

Семинар кезінде талқыға салынудағы келесі өзекті тақырып, мүгедектікті белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптама қызметтерінің жұмысы болуда. Бұл тұста, соңғы 10 жылда, міндетті әлеуметтік сақтандыруды ескерген райда түбегейлі өзгерістер жүргізілген. Қазіргі уақытта, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін жетілдіруде, негізінен куәландыру кезінде мүгедектігі бар жандардың дәрігерлерге қайта баруын барынша азайту мақсат етілуде. Осымен бірге, қызметтің ашықтығы мен шешімдердің әділдігін қамтамасыз етуде жасалған қадамдар, мүмкіндігі шектеулі жандардың сарапта нәтижесіне наразылығын төмендетуі тиіс.

Жалпы, семинарда, халықтың іс-қимылы баяу топтарына кедергісіз орта қалыптастыруда тәжірибе алмасудан тыс, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы, инклюзивті білім беруді дамыту, психоневрологиялық сырқаттарға ұшыраған мүгедектерге арнаулы қызмет көрсету, Павлодар облысындағы мүгедектікті азайту мен алдын алу шаралары, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеудегі тұлғаларды еңбекпен қамту, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе мүгедектерді оңалту мәселелері талданады деп күтілуде.   

18 мамыр, 2017 - 17:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші