You are here

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды

үкімет үйі

Бүгін Астана қаласында өткен Үкімет отырысында Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияның аясында қабылданған, мүгедектерге қатысты барлық жалпыазаматтық құқықтарды іске асыруды талап ететін міндеттемелер жайы қаралды. Мүгедек адамдарға өмірлік маңызды қызметтерді ұсынатын 36 мыңнан астам әлеуметтік маңызды нысан анықталды. Оның ішінде 18,4 мың нысан (немесе 63,6%) қолжетімсіз деп танылды. Емханалардың, ауруханалардың, мектептердің және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бейімдеу деңгейі 62,4%-ға жетті.

Көліктік инфрақұрылым қолжетімділігінің көрсеткіші 50%-дан төмен. Осы мәселені шешу үшін Қазақстанда әлеуметтік такси қызметтері белсенді дамуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа енгізуге байланысты, соңғы екі жылда такси парктерінің саны 8 есеге (11-ден 89-ға дейін) артты. Жыл сайын әлеуметтік такси парктері 27 мыңнан астам мүгедекке қызмет көрсетеді.

16 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыс істейтін және оқитын мүгедектер үшін жеке көмекшінің және ыммен сөйлесу маманының қызметтерін алды. Қабылданған шаралар мүгедектерге ішінара қолжетімді әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын 20-дан 62,4%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етті.

2016 жылы  есту қабілетінің әртүрлі бұзылуларымен 4,4 мыңнан астам бала анықталды және оларға ерте медициналық әрекет ету шаралары қабылданды. Мүгедек балалардың жалпы саны 79 мыңды құрайды және өкінішке қарай бұл жайт жоғары болып қалуда.

Статистикалық деректер бойынша зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 400 мыңға жуық жалдамалы қызметкер мүгедектікке алып келетін кәсіптік аурудың және еңбек жарақатының жоғары қауіпті аймағында болып есептеледі.

266 мың мүгедектің еңбек етуге қажетті көрсеткіштері бар, оның ішінде 130 мыңға дейін (48%) еңбек нарығында жұмыспен қамтылған.

Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру квотасы қайта қаралды. Егер ол бұрын барлығына 3%-ды құраса, қазір ол 2-ден 4%-ға дейін жұмыскерлердің саны және салалар бойынша дифференцияланды (мүмкіндігі шектеулі 460 қазақстандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында, 22 тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіретін және жеткізетін 141 қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда жұмыс істейді).

Біріншіден, мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін кеңінен қолдану есбінен қызметті монополиясыздандыру. Бүгін, арнаулы әлеуметтік қызметтерді 110 интернат үйлерімен қатар жеке сектордың ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдар көрсетеді. Мұнда әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 6 мыңнан астам адам қамтылды (олар үшін 60 жаңа интернат үй салу қажет болар еді). Психологиялық аурулары бар балалар арасында кезек жойылды.

Интернат үйлердегі 626 бала отбасыларына қайтарылды (немесе 6-ға жуық интернат үй босатылды) және күндіз болу жағдайындағы интернат үйлерде немесе жеке әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қызмет алады.

Инклюзивті білім беру үшін 495 мектепке дейінгі ұйымда, 3 289 мектепте (45,1 мың адам), 163 колледжде (2,4 мың адам), 5 жоғары оқу орнында (374 адам) жағдай жасалған. Елімізде 97 коррекциялық мектеп пен жалпы білім беру мектептері жанынан 1 155 арнаулы сынып, 42 арнаулы балабақша мен жаппай мектепке дейінгі ұйымдар жанынан 193 арнаулы топ жұмыс істеуде.

Қазақстанда Үкімет жанынан Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі құрылды, оның құрамына 16 мүгедек кіреді немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санынан 64%:

- 2016 жылы 35 мүгедек облыстық, аудандық мәслихаттар құрамына депутаттар болып сайланды;

- барлық облыстарда жергілікті деңгейде Мүгедектер істері жөніндегі кеңестер құрылды, олар мүгедектердің құқықтарын сақтауға қатысты барлық сұрақтар бойынша шешімдерді қарастырады және қабылдайды;

- мүгедектер істері жөніндегі облыстардың, қалалардың, аудандардың 37 әкім кеңесшілері тағайындалды.

ҚР Статистика комитетінің ішінара зерттеулер нәтижесі бойынша, мүгедектердің 46,3%-ы халықтың мүгедектер мәселесіне оң қарым-қатынасын бағалады (2015 жылы осы көрсеткіш 5%-ды құрады).

16 мамыр, 2017 - 10:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
ҚР әлеуметтік қызметкерлерінің форумы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші